«Аяулы менің мектебім» атты түлектермен кездесу кеші өтті.

7 ақпан күні мектебімізде «Аяулы менің мектебім» атты түлектермен кездесу кеші өтті. Бұл кешке белгілі бір себептермен қатыса алмаған оқушылар өздерінің тілектерін, алғыстарын видео құттықтауларын жолдады. Кездесу келген 2015-2016 жылғы 48 түлектер мектепке өз алғыстарын білдіріп қасиетті домбыраны сыйлыққа тартты. Кездесу барысында түлектерден сұқбат алынды, олар өз мамандықтары бойынша оқушыларға мəліметтер берді. Кешке келген түлектерге мың алғыс.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.