Бала – біздің болашағымыз

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, ибалы, Отанының  сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Отбасылық Тәрбиелеу Институтының 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы конференциясы ұйымдастырылды. Конференция міндеті – мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау.

Қандай да бір жетістікке қол жеткізу үшін біздер мұғалім-ата-ана-оқушы болып бірлесе жұмыс істеуіміз қажет. Бала – біздің болашағымыз, өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. Қазіргі жас балғын бала – ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары сіздерді отбасы күнімен құттықтаймын! Бүгінгі алған әсерлеріңіз ата-ана мен мектептің өзара қарым-қатынасын нығайтады деген сенімдемін.

 

20160910_105701 20160910_100328 20160910_100618

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.