«Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп» бастауыш сынып апталығының ашылуы

Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. 2019 жылғы 18 – ақпан мен 22 ақпан аралығында өтетін «Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп» атты бастауыш сынып әдіс бірлестігінің апталық іс – шарасы ашылды. Апталық барысында пәндер бойынша ашық сабақтар өткізіледі. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында әр үлкен қоңырауға «Флешмоб», «Әзіл жұмбақтар», «Сөзжұмбақтар» және «Көбейту кестесін жаттаймыз!» жаттығу ойындары өткізілмек. Оқушыларға білімін толықтыру мақсатында «Пәндер сөйлейді»  атты тақтаға пәндер бойынша керекті ақпараттар ілінді. Сабақтан тыс уақытта 1 -4 сыныптар аралығына «Көңілді математика әлемінде» танымдық ойын,  «Алғырлар мен тапқырлар» сайысы, «Қызық екен!», «Қазақ тілінің білгірі» атты танымдық ойындар  өтетін болады.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт – дей отырып, мықтыларға арналған бастауыш пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді, мұғалімдерге табыс тілейміз!

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған