Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мерекелік жиын өтті

1-қыркүйек – дәстүрлі Білім күні. Оның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге деген құштарлығын қалыптастыру болып табылады. Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер  алғашқы қоңыруларын соғып, тақпақтарын айтып,                         ата-аналарымен бірге флешмоб билеп, көрермендер көзайымына айналды. Алғашқы қоңырау мерекесіне ата-аналар, қоңақтар, ауыл әкімдігі және аудандық білім бөлімінің әдіскері              Н.Ж. Адамжанова қатысып, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Мектеп директоры Г.М. Ахметова мектеп жетістіктері мен атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша сөз алып, барлық жиынға  қатысып оырған ата-аналарды, келген қоңақтарды блім күнімен құттықтады.

Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 1-7 сынып оқушыларымен «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында білім сабағы өткізілді. 8-11 сынып оқушыларымен бірыңғай «Адалдық сағаты» алаңы ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Жергілікті «Нұр-Отан» ХДП-ның мүшесі, құрметке ие ұстаз Б.Т. Кабдуллина сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары мен олардың алдын алу бойынша елімізде қолға алынып жатқан игі істер мен жетістіктері туралы лекция оқыды.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.