Домбыра сыныбының ашылуы

Бүгін мектебімізде қос мереке аталып өтті. Бірі – Білім күні болса, екінші қуаныш – . Қазақтың қара домбырасының үні, күй өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қазақ тарихының өнер əлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дəулеткерей, Тəттімбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т.б күй қырандарының дəстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десеңші! Осы ата-бабаларымыз тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру біздің міндетіміз, сондықтан да осы бүгінгі домбыра сыныбының ашылу мақсаты да, күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа насихаттау, жас таланттар мен дарынды өнерпаздардың шеберлігін арттыру деп білеміз. Домбыра сыныбын ашу, лентасын кесу рəсімі мектебіміздің ардагер ұстазы – Құсайынова Мадина Қабзайтқызына табысталды. Домбыра сыныбын ашуға қол ұшын берген, демеушілік көрсеткен, домбырамен қамтамасыз еткен ауылымыздың ер-азаматтары «Ағайын» шаруа қожалығының басшысы Құсайынов Аманкелді Қайыркенұлы, «Береке» шаруа қожалығының басшысы Ахметов Ерболат Айтжанұлы жəне мектеп түлегі Ахметов Даулет. Демеушілік жасап, білім күнінде оқушыларға керемет сый жасағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз, көптен-көп рақмет.

 

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.