Елбасы Жолдауын насихаттау тобымен кездесу өтті

Мектебімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауын талқылап, насихаттауға арналған арнайы жиын өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты Алия Сүйіндікқызы Сапарова мен аудан әкімі Ардақ Амангелдіұлы Қаңтарбаев, облыстық және аудандық маслихат депутаттары, мекеме басшылары, мектеп ұстаздары қатысты. Кездесу барысында сөз алған құрметті қонақтар Елбасы Жолдауындағы саяси ұтымды ұсыныстар мен басым бағыттарды атап өтті. Елбасы Жолдауындағы білім саласына қатысты бағыттарда мектеп ұстаздары өз ойларымен бөлісті.


   

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған