Жаңартылған білім беру мазмұнындағы менеджмент

Білім беру бөлімінің 2020 жылғы қараша  айына арналған жоспарына сай, 17 қараша күні мектеп директоры  Г.Ахметова Май ауданының Білім беру бөлімінің мәжілісінде «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы менеджмент» атты тақырыбында TED х алаңында өз тәжірибесімен аудан басшыларымен бөлісті.

Өз тәжірибесімен бөлісе отырып, басшы білім беру ұйымдарының басты мақсаты-білімалушыларға сапалы білім беру.Сапалы білім беру үшін басты басымдықтарды айқындап алған жөн екенін атап өтті.Яғни,сапалы білім беру жолдарын анықтап, мақсатқа шығу.

Мектеп басымдығын ажырату үшін мектеп директорының  жылдық жоспар, мектептің даму жоспарын құруда өзінің бастан аяқ қатысқаны міндетті екенін айттып, қашықтықтан  оқу барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы тиімді әдістерді көрсетті.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.