КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
27 қазанда Май ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Назарбекова А.К. және участкілік полиция инспекторының көмекшісі полиция кіші лейтенанты Нығмет Б.К. “А. Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей – мектеп” оқушыларымен кездесу өткізді. Мектеп кездесуінде полиция аға лейтенанты Назарбекова Айдана жол қозғалысы ережелері, қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау туралы айтып, “кәмелетке толмаған балалардың қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік туралы “тақырыбында дәріс өткізді. Айдана Қанатқызы өз дәрісінде ұрлық, тонау, ұсақ бұзақылық, бопсалау, қоғамдық орындарда темекі шегу, қоғамдық тәртіпті бұзу сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтты. Кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болғаны үшін жауапкершілік ерекше атап өтілді, онда ӘҚБтК-нің 442-бабы көзделген . Әлеуметтік бейнероликтерді көрсете отырып, есірткі тақырыбын да қозғады. Өз кезегінде оқушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, полицейлермен кездесуден көптеген пайдалы ақпараттар алды.