Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекесі – Көрісу күні.
Ағайын- туысқандар, көршілер бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.
Көрісу күніне орай мектеп мұғалімдері мен оқушылары бір-бірімен кездесіп, тілек айтып келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.
#nauryzpvl_2023