Май ауданының әкімі А. Әміриннің дарынды оқушылармен кездесуі

23 желтоқсан күні Май ауданының әкімі А. Әміриннің дарынды оқушылармен кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімінің кездесуіне біздің мектептің дарынды оқушылары, облыстық сайыстардың жүлдегерлері қатысты. Облыстық  ғылыми жобалар сайысында ІІІ орын,  «Жас экорепортер» сайысында ІІ орын, «Мағжан оқулары» мәнерлеп оқу сайысында ІІІ орын алған 9-сынып оқушысы Каиргельдинова Назерке; «Жас экорепортер» сайысында «Біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» атты тақырыпта өзекті мәселені көтеріп ІІ орынға ие болған 10-сынып оқушысы Мухамедиярова Дильназ қатысты. Аудан әкімі А.Әміринмен жарқын кездесу болды. Оқушыларымыз жеткен жетістіктерін айтып, ой бөлісті.   Аудан әкімі А.Әміриннің дарынды оқушылармен кездесіп, тілдесуі оқушыларға үлкен әсер қалдырды.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.