Май ауданы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мектебіміз үлкен жетістікке жеті!!!

Сүйінші, Сүйінші, Сүйінші!!! Бүгінгі Май ауданы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мектебіміз үлкен жетістікке жетіп, аудан əкімінің сертификатына ие болдық. Яғни, 2019 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша ІІ орынды иелендік. Бұл марапаттау барлық ұжымның қажырлы еңбегінің арқасында деп білеміз. Биік жетістіктерге қол жеткізіп, мектеп абыройын асқақтатқан ұстаздар қауымына үлкен алғысымызды білдіреміз. Жаңа оқу жылында шығармашылық жаңа табыстар тілейміз. Сонымен қатар мектеп ұстаздары да марапаттауларға ие болды. БжҒМ Алғыс хатымен бастауыш сынып мұғалімі Г. Смагулова, облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен Р. Еңсебаев, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен Д.Байдильдин марапатталды. Марапаттау лар құтты болсын, ұстаз еңбегі бағаланып, мəртебесі өсе берсін!

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.