«МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» курсының практикалық кезеңі

А.Иманов атындағы ЖОББ мектебінің дамыту тобының жоспарына сай, мектеп басшысының «МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» курсының практикалық кезеңі аясында мектебімізде 24 наурыз күні инновация жөніндегі оқу ісінің орынбасары, дамыту тобының мүшесі Смагулова Гульсум Садыковна мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан-жақты зерттеу арқылы жасайтын педагогикалық тәсілді таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында «ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» тақырыбында коучинг ұйымдастырды.
Коучинг барысында мұғалімдерге зерттеу сұрағын қалай құрастыра аламыз немесе проблеманы қалай анықтаймыз деген сауалға жауап іздеп, практикалық жұмыс барысында оқушыларда кездесетін проблемаларды анықтап, бағалау, дәлелдеу, негіздеу жұмыстары жүргізілді. Қорытындылай келе, мұғалімдер сыныптағы проблеманы зерттеу сұрағына айналдыруды үйренді және алдағы уақыта зерттелетін сыныптар мен зерттеу тақырыптары анықталды.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.