Мектеп жанындағы сквер мен этноауыл

Балалар жылына орай мектеп жанында сквер бағы ашылды. Бұл жасалған скверге «Ертегілер әлемінде» деген атау беріп отырмыз. Себебі қолдан жасалған барлық бұйымдар ертегі әлеміне жетелейді.  Оқушылар қоңырау кезінде, бос уақыттарында осы скверді аралап, ертегінің әлемімен танысып, рухани азық және де осы ертегілер жайында  кітап оқып, ой-өрістерін дамытуға үлкен мүмкіндік  ала алады. Ұлттық  тәрбиені  дәріптеу негізінде мектеп ауласы жанынан  «Этноауыл» атты  шағын демалыс  аллеясы ашылды.  Мұнда киіз үйдің макеті  мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін бұйымдар мен заттар және алтыбақан орналастырылды. Арнай жабдықталған орындықтарда отырып демалуға , кітап оқуға, шығармашылық жұмыстармен айналысуға болады.  Оқушыларға осындай керемет демалыс орындарын жасаған мектеп ұжымы мен мектептің қызметкерлері. Алтыбақанды  жасап, орналастырып берген ата-анамыз Асқаров Тұрғынбай ағамызға үлкен рақметімізді айтамыз.  Барлық  жұмыстарды жасап, қаржылай көмек көрсеткен, ат салысқан  мектептің мұғалімдері мен қызметкерлеріне үлкен алғысымызды айтамыз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Балалардың жайма шуақ көңілін табуға жасаған жұмыстарыңызға, сыйлықтарыңызға рақмет.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.