А.Иманов атындағы ЖОББ мектебінің дамыту тобының жоспарына сай, мектеп басшысының «МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» курсының практикалық кезеңі аясында мектебімізде 25 наурыз күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Кожаханова Lesson Study зерттеу сабақтарында «Мұғалімдер сабақты талдауда, бақылау парақтарын толтыруда қандай қиыншылықтарға кез болады» тақырыбында коучинг өткізді. Қазіргі заманғы педагогтің кәсіби дамуы, ең алдымен, өзінің әдістемелік жұмысын үнемі жетілдіруге негізделген тұтас кәсіби қызметті игеруге бағытталған. Осы орайда зерттеу сабақтарын талқылап алған әр мұғалім, сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетін зерттейді. Бақылаушы топ АВС деңгейіндегі оқушыларды мұқият бақылайды, жан-жақты талдау жасайды. Ш.Кожаханова Lesson Study зерттеу сабақтарында оқушыны бақылаудың бірнеше түрлерін ұсынды, талдау жұмыстарын жасады. Сабақты зерттеу оқытушыны бағалауға емес, оқушының ойлау мен оқуын зерттеуге, бақылауға арналады.