Ресурстық орталықта ІІ оқу сессиясы өтті

Ақпан айының 8-10 аралығында Көктөбе ресурстық мектебінде ІІ оқу сессиясы өтті. Осымен екінші жыл қатарынан ауылдық жердегі мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру және жаңа білім беру мазмұнына өтуге дайындық, бейіндік оқытуды енгізу мәселелелерін шешудің бір жолы ретінде Ресурстық орталықтар ұйымдастыру қолға алынып отыр. Ресурстық орталыққа 4 магниттік мектеп енеді. Оның ішінде А.Иманов атындағы орта мектеп те бар. Мұнда оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді (математика, физика, химия, биология, география) жан-жақты оқып, қорытынды аттестаттауға дайындалуға қосымша мүмкіндіктер алды. Келесі оқу сессиясы ағымдағы жылдың сәуір айында өтеді. Ал, оған дейінгі мерзімде оқушылар қашықтықтан тапсырмалар алып, сессия аралық жұмыстар жүргізетін болады.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған