“Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” II аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.

“Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” тақырыбындағы ІІ аймақтық ғылыми-практикалық конференциянда мектеп басшысы Г.Ахметова “Lesson study-зерттеуге қатысушылардың ынтымақтастығын кеңейту ресурсы” тақырыбында және мектепалды тәрбиешісі Б. Аубакирова “Мектепалды сынып оқушыларының математикалық таным қабілетін ойын арқылы дамыту”, мектеп психологы Э. Бакасова “Айналы көрініспен” жазуды алдын алу және оның балалардағы себептері” тақырыбында баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері А. Сагындыкова мен Г.Балкенова, Б.Аубакирова LS зерттеу сабақтары бойынша постер көрмесіне қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Барлық конференция қатысушыларына облыстық сертификаттар табысталды және постерлік таныстырылым байқауының қорытындысы бойынша мектепалды тәрбиешісі Б.Аубакирова 2-орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.Ахметова 27-28 сәуір күні Астана қаласында өткен І Ұлттық конференцияда мектепалды даярлық сыныбында сабақты бақылау нәтижесімен бөлісіп сертификатпен марапатталды.

 

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.