Сыңғырла, соңғы қоңырау

2019 жылғы 25 мамыр күні Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде «Сыңғырла,  соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті.  Жиынға  ауыл әкімі Каримов Болат Уанұлы, ата-аналар және мектеп түлектері қатысты.  Мектеп директоры Ахметова Гульсима Миннигалиевна  мектеп түлектерін соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектеп оқушыларымен өткізілген  іс-шаралар  жетістіктері туралы атап өтті. Бірінші сынып оқушылары мектеп бітіруші түлектерге тақпақ, әндерін айтып, сыйлықтарын табыстады. Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіздері мен жылы тілектерін білдіру үшін мектеп түлегі Мағау Тәуекел құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойларына дарытқан алғашқы ұстаздары Смагулова Гульсум Садыковна,  сынып жетекшілері Досымханова Айгуль Канабековна, Масугутова Гүлбаршын Магауовна түлектерге ізгі тілектерін білдірді. Шара барысында өткен оқу маусымында оқуды үздік аяқтаған оқушылар және  білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық шараларда үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар марапатталды. «Менің туым» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тутұғырдан түсіріліп, мектепке кіргізілді. Салтанатты жиын мектеп түлектерінің концерттік бағдарламасымен ұласты.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.