Электронды дипломдар не үшін қажет?

Электронды дипломдар не үшін қажет?

📜Биыл жоғары оқу орындары (бакалавр, магистр, PhD) мен колледж түлектеріне дипломның электронды нұсқасы беріледі, сонымен бірге қағаз диплом да сақталады.
📍 1992 ж. бастап берілген 2,5 млн диплом цифрландырылды.
📍1976-1992 жж. берілген дипломдар жыл соңына дейін цифрландырылатын болады.

📜Цифрландыру не үшін қажет?
📍Дипломды растауға жұмсалатын уақыт пен ресурстар үнемделеді.
📍Мемлекеттік үлгідегі жалған дипломдардың айналымы жойылады.
📍Жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға үміткерлердің біліктілігі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
📍Түлектер туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету есебінен білім беру сапасы артады.

👨🏻‍💻👩🏻‍💻Барлық білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау автоматтандырылды.

@edu_news_qz

 

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.