«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

2019 жылғы 12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2019 жылғы 12 тамыздан бастап 10 қазанға дейін.

Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың,  ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері  және т.б.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.