Қорытынды аттестаттау 9 сынып және ҰБТ-2020

Құрметті сайт қонақтары! Бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары! Бұл бөлімде Сіздер өздеріңізге қажетті қорытынды аттестаттау 9 сынып және ҰБТ туралы мәліметтерді оқып, дайындыққа арналған видео материалдарды көре аласыздар.

Арманға бірге қол жеткізейік!

Қорытынды аттестаттау 9 сынып материалдары

2019-2020 жылғы оқу жылында 9(10)-сынып білім алушыларын қорытынды аттесттаудан өткәзу жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулық

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау туралы (слайд-шоу)

9 және 11 сынып  бітірушілерінің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру және дайындау жоспары 2019-2020 оқу жылы

ҰБТ 2020

Презентация_ҰБТ_2020_НАУРЫЗ

 

 

Р.S. Сайттағы материалдар “Достық” білім беру орталығы мен Ұлттық тестілеу орталығының сайттарынан алынды. Толығырақ төмендегі сілтемеге басу арқылы білуге болады.


ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТЫЛЫҒЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ

ДОСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПОРТАЛЫ


Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.

Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.

Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.

Пәндер Емтихан формасы Уақыты

міндетті

1

Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) Жазбаша —эссе 3 сағат

2

Алгебра және анализ бастамалары Жазбаша емтихан 5 сағат

3

Қазақстан тарихы Ауызша (билетпен)

4

Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)

Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде)

Тестілеу 80 минут

таңдау

5

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика Тестілеу 80 минут

Емтихандар жайлы қысқаша:

1.  Ана тілі мен әдебиеті – 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

2. Алгебра және талдау бастамалары – 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.

3. Қазақстан тарихы – Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

4. Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі (қазақ мектептерінде) – 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

  • Лексика-грамматикалық – 20 тест тапсырмасы;
  • Тыңдалым – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
  • Оқылым – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

Таңдау бойынша 1 пәннен – Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі). Тест 40 тапсырмадан тұрады, берілген бес жауаптың біреуі дұрыс.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.

Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.