«Қош бол, аяулы мектебім» атты түлектер кеші

12 маусым Түлектерге жалпы орта білім туралы аттестатты тапсыруға арналған салтанатты «Түлек-2019» кеші өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.К. Кусайнова қатысып түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Г.М. Ахметова оқушыларды аттестаттармен марапаттап, мектебіміздің үздік түлектері Қайргелді Ерасыл мен Сарсенбаева Аружанға «Алтын белгі» төс белгін табыстады. Кеш соңы мерекелік концертпен жалғасты. Түлектерімізге сәт сапар, ақ жол тілейміз.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.