«Үш тілдік – заман талабы» апталығының екінші күні

«Үш тілдік – заман талабы» атты онкүндігі жоспарына сәйкес, 14 ақпанда  Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі  А.К. Мухамедиярова «Ғұндар» атты тақырыпта  6-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Бірнеше әдістерді қолдану арқылы тапсырмалар тартымды да, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, интербелсенді тақтадан «Ғұндар» туралы бейне материал және презентация арқылы мәліметтер таныстырылды.Оқушылар топтық жұмыстарда шапшандылық танытып, өз білімдерін постер арқылы шыңдады. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Қ.Сембин 9-сынып оқушыларымен  «Көлік»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақ барысында Ұлыбритания елінің көрікті жерлері туралы бейне материал тамашалап, көлік түрлері мен  қызметі жайында әңгіме жүргізіліп, постер қорғады. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Ж.Балкенова ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында  «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысы өтті. Сайыстың мақсаты оқушыларға ата-бабаларымыздан келе жатқан терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегін қадыр тұтуға, қазақ тілін терең меңгеріп, тіл тазалығын арттыруға баулу. Сайыс екі топ арасында, 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Сайыс мәресін 5 сынып оқушылары шыңдап, «Шешендер» тобы  марапатталды.


        


        

 

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған