Ұлы Жеңіс күні – мәңгілік ел жадында

Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған жиынға ауыл тұрғындары, тыл еңбеккерлері, қаза болғандардың туыстары қатысты. Мектеп ұстаздары мен оқушылар «Мәңгілік полк» шеруіне қатысып, белсенділік танытты. Оқушылар өлеңдер оқып, ән, би тарту етті. Ұлы Отан соғысында елін қорғаған жауынгерлер ерлігінің құрметіне Даңқ монументіне гүл шоқтары қойылды. Ауыл имамы қайтыс болған жауынгерлер мен ардагерлер рухына құран бағыштады.

Алдағы уақытта тек  бейбіт өмір мен береке-бірлік тілейміз!

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған