Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

IMG_6587-480x250

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастауалады. Өзін-өзітаныған, өмірдің мәнін түсінген адам өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзітәрбиелеуге, өмірден өзорнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзітану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өзбойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. Павлодар облысының “Өрлеу”БАҰО”АҚ филиалының директоры

Б.Ш.Жалмағамбетованың келісімімен Май ауданы Білім беру бөлімі басшысым.а.Г.Р.Ибраеваның тікелей қатысуымен 15 сәуірде Баскөл ауылындағы А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын оқу үрдісіне енгізу жолдары» тақырыбында мектеп басшыларына және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинар аясында  әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделетін өзін-өзі тану пәнінен бастауыш, орта, жоғары буындарда ашық сабақтар өткізілді. Семинар жетекшісі Р.Д.Ашимбетова өткізген «Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы» тренингі, «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен ықпалдастыру», «Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілк білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі ретінде» тақырыбындағы дәрісі, «Жұмыстан тыс іс-шаралар арқылы өзін-өзі тану», «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі» тәжірибелік жұмыстары тыңдаушылар көңілінен шықты.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған