1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 1 тамыз аралығында іске асырылады

📣 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 маусым мен 1 тамыз аралығында іске асырылады

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:

✅ Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);

✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

✅3х4 көлеміндегі 2 фото.

🎒Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

🎒17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.