11-сынып оқушыларына ҰБТ туралы мәліметтер. ҰБТ-2022

11-сынып оқушылары үшін Ұлттық тестілеу орталығы өз жұмысын бастады. 10 қаңтар-10 ақпан аралығында 11-сынып оқушылары ҰБТ тапсырып, білімдерін сынға салады. Өтініштерді ҰТО сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимде беру жүзеге асырылады. Барлық мәліметтер өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді. Тест тапсыру барысындағы барлық жағдайлармен оқушылар таныстырылды. АТО-да тестіленушілер бір-бірден жіберіледі, жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы (Face ID) сәйкестендіріліп кіргізіледі, жеке басын куәландыратын құжат негізінде сәйкестендіріліп кіргізіледі. Өзімен бірге болуы тиіс: жеке басын куәландыратын құжат,  16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тестіленушілер білім беру ұйымының бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған білім беру ұйымынан анықтама және туу туралы куәлік болуы тиіс.

Тестілеу барысында өз орнына “бөтен тұлғаны” кіргізуге талпынған түсушілерге ағымдағы жылғы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді. Металл іздегішпен тексеру аймағында тыйым салынған заттар табылған жағдайда акт жасалады және түсуші тестілеуге жіберілмейді.

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ ҚАТАҢ САҚТАУ КЕРЕК.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.