Author Archives: admin

ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!

01.04.2019

Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда боладыі. Электр  құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және  басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді  білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.

Қауіпсіздік ережелерін  сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне  әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:

– 2001-2002 жылдары  Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;

– 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;

– 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты.  Нәтижесінде, баланың екі қолын  бірдей ампутациялауға тура келген;

– 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып жаланаш токөткізгіш элементерге тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.

Сонымен үзілді-кесілді:

  • Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
  • Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
  • Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
  • Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
  • Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
  • Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
  • Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
  • Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
  • Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
  • Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
  • Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
  • Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
  • Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге орнату қажет.

Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.

 

 

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

 

 

 

Қазақстан-2050

10.10.2016

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президенті-елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы (12.14.2012 ж.)

Мектеп Туралы

01.09.2016

Мектеп туралы мәліметтік анықтама

  1. Мемлекеттік мекеме «А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»
  2. Құрылған жылы – 1967
  3. Қолданысқа берілген жылы – 1968
  4. Потенциалды қуаттылығы – 354 оқушы орны
  5. Жалпы көлемі – 2589,6м2
  6. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, Баскөл ауылы, т. 94-2-96.
  7. Оқушылар саны – 138,

Мектеп директоры: 

Ахметова Гульсима Миннигалиевна

Директордың оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары:

 Кожаханова Шынарай Тлектесовна

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                

Жагипарова Яна Николаевна

Сынып комплектісі – 10; Оның ішінде:

  • 1-4 сынып – 4 комплект, 52 оқушы,
  • 5-9 сынып – 5 комплект, 70 оқушы,
  • 10 сынып – 1 комплект, 12 оқушы.
  1. Мұғалімдер саны – 23
  2. Білім деңгейлері бойынша саралау:
  3. Санаттары бойынша саралау:

Жоғары білімді – 21 

Арнаулы орта білімді – 2 

Сырттай оқитындар – 2 

Жоғары санатты – 6 

І санатты – 5  

ІІ санатты – 3 

Педагог-зерттеуші – 3

Педагог-сарапшы – 4

Педагог-модератор – 3

Педагог –1  

 

Ата-аналарға ақпарат

01.09.2016

 Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Сондықтан, ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА, біздің сайт арқылы СІЗ өз балағыздың табысты оқуына ықпал ете аласыз.

(толығырақ…)

ҰБТ

01.09.2016

онлайн тестілеу

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен өзгереді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

“Келесі жылдан бастап, білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірыңғай тестілеу жетілдіріледі және трансформацияланады”, – деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, ҰБТ келесі жылы өзгеріске ұшырағанымен, негізгі инфрақұрылымы мен механизмдері қалады.

“Ең бастысы, біз тіліне, тұрғылықты жеріне қарамастан, барлығына ЖОО-ға түсуге тең жағдайлар жасауымыз керек. Бірақ ҰБТ жоғары оқу орнына түсу үшін ғана тапсырылады. Қазіргі уақытта барлық сұрақтар ректорлармен, ата-аналармен талқылануда. Біз экзаменді SAT жүйесіне ұқсас етіп жасағымыз келеді. Яғни біз түлектердің білім деңгейін анықтаймыз, сонымен қатар жұмыс берушілерге бүгінгі әлемде қажет компетенциялық қасиеттеріне қарай түлектерді таңдауға мүмкіндік береміз. Сондықтан ҰБТ мазмұны өзгереді”, – деп атап өтті С. Нүсіпов.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330  қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді.

А.Иманов ЖОББЛ-М

Слайд1
Слайд1
15.05.2015

2015-2016 оқу жылында А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде өткен іс-шаралар

 

(толығырақ…)

Қосдәулетов Байділдә

02.05.2015

Менің үлкен атам Қосдәулетов Байділдә Ұлы Отан соғысының ардагері. Еңбек жолын мектеп директоры болып бастаған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1946 жылы жауды жеңіп отанына оралды. Атам қызыл жұлдыз ордені, Ұлы Отан соғысының медальдары және алғыс хатпен марапатталған. Атамда Отанына сіңірген еңбегі және жеңіске қосқан үлесі үшін 20-дан астам ордендері мен медальдары бар. Біздің осындай тыныш өмірде ойнап-күліп жүргеніміз аталарымыздың еңбегі. Өз елімді, отанымды сүйемін.Мен атамды мақтан етемін.

Махамбет оқулары

02.05.2015

А.Иманов лицей-мектебінде “Махамбет Оқулары” өтті

(толығырақ…)

Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз

02.05.2015

20 наурыз күні А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей -мектебінде наурыз мерекесіне орай, «Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!» атты мерекелік музыкалық кеш өтті. 

(толығырақ…)

«Қош келдің, әз Наурыз!»

02.05.2015

А.Иманов лицей-мектебінде  Ұлыстың ұлы күніне арналған  бастауыш сынып арасында «Қош  келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. 

 

(толығырақ…)