Блог директора школы

Ахметова Гульсима Миннигалиевна-мектеп  директоры. 

      1970   жылы Павлодар облысы Май ауданы  Қызыл Құрама ауылында  дүниеге келген.

1992 жылы Павлодар педагогика институнын  орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша, 2004 жылы  Павлодар Университетін қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі ретінде аяқтаған.

2003 жылдан 2016 жылға дейін Ақсу қаласындағы 4 орта мектебінде  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі қызметін атқарған.Аталған мектепте 2005 жылдан 2015 жылға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2015-2016 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.      Жоғарғы  санатты мұғалім.

Жетістіктері:  2012 жылдың  қараша айында Бірінші Республикалық Педагогикалық оқуларының Ақсу  қалалық кезеңінде 2 орынға ие болды.

Ұстаздардың Ақсу  қалалық   олимпиадасының 1 орын иегері, облыстық олимпиядасының  3 орын иегері (2013 жыл).

Ұстаздың мақаласы Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде»  №11 журналында,  2013 ж.»,  «Педагог- КZ » интернет – сайтында жарияланды. Қазақ тілі пәнінен сабақтар құрастырды және   «Педагог- КZ» интернет – сайтында, 2013 жылдың қараша айында «Педагогикалық альманах» журналында  жарияланды.

2013 жылы 5 сынып оқушыларына арналған «Әдістемелік құралын» құрастырды.  Бұл жұмысқа «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың иновациялық орталығы»  рецензия берді

Жетекшілік еткен  оқушылардың жетістіткері:2013 жылдың  ұстаз оқушысы қалалық ғылыми – зерттеу жобаларында жеңімпаз атанып, облыстық ғылыми жобалар конкурсының қатысушысы атанды.2014  жылы «Жарқын болашақ» облыстық  сайыста  үшінші орынға ие болды.2016 жылы  ұстаздың жетекшілігімен  оқушы ғылыми жобасы облыстық  ғылыми жобалар сайысында екінші орынға ие болды.

Ақсу қаласының білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен (2010 ж., 2012 ж., 2015 2011,2012,2013,2014,2015,2016 ж.),
Павлодар  облысының Білім басқармасының алғыс хатымен   (2012 ж, 2015 ж), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаттарымен (2014,2015,2016 ж.ж.). Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының  білім  бөлімінің алғыс хатымен (2015 ж) , Павлодар  облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хатымен (2016 ж) марапатталған.

Тұрмыста. 2 бала тәрбиелеп отыр.

This entry was posted in Блог директора школы. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған