ҰБТ

онлайн тестілеу

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен өзгереді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

«Келесі жылдан бастап, білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірыңғай тестілеу жетілдіріледі және трансформацияланады», – деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, ҰБТ келесі жылы өзгеріске ұшырағанымен, негізгі инфрақұрылымы мен механизмдері қалады.

«Ең бастысы, біз тіліне, тұрғылықты жеріне қарамастан, барлығына ЖОО-ға түсуге тең жағдайлар жасауымыз керек. Бірақ ҰБТ жоғары оқу орнына түсу үшін ғана тапсырылады. Қазіргі уақытта барлық сұрақтар ректорлармен, ата-аналармен талқылануда. Біз экзаменді SAT жүйесіне ұқсас етіп жасағымыз келеді. Яғни біз түлектердің білім деңгейін анықтаймыз, сонымен қатар жұмыс берушілерге бүгінгі әлемде қажет компетенциялық қасиеттеріне қарай түлектерді таңдауға мүмкіндік береміз. Сондықтан ҰБТ мазмұны өзгереді», – деп атап өтті С. Нүсіпов.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330  қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді.

This entry was posted in ҰБТ. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған