Директор блогі
Сайт бойынша іздеу
- Мектеп Туралы
- ҚР Мемлекеттік Рәміздері
- Қазақстан-2050
- Мемлекеттік қызметтер
- Әдістемелік қызмет
- Қамқоршылық кеңесі
- Мектептегі ыстық тамақ ұйымдастыру туралы
- Ата-аналарға ақпарат
- Қорытынды аттестаттау 9 сынып және ҰБТ-2020
- Білім беру мазмұнын жаңарту
- Ашық қаржыландыру
- Ұстаздар жетістіктері
- Нормативтік құжаттар
Ауа-райы
САЙТҚА КІРУШІЛЕР СТАТИСТИКАСЫ
- 0
- 130
- 55
- 1 391
- 6 774
Category Archives: Без рубрики
Бракеражды комиссияның жұмысы
17.05.2023
Бүгін А.Иманов атындағы мектебінде қамқоршылық кенесінің төрайымы Ж.Байдильдина, мектеп директоры Г.Ахметова және мектепке бекітілген медбибі Г. Меденова мектептің асханасын,оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын қадағалап тексерді.
Тексерудің мақсаты- күнделікті әзірленетін тағамның сапасы, мәзірге сәйкес келуі және шығу нормаларының сақталуы.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы барлық санитарлық нормаларға сай жүргізіліп жатқаны байқалады. Кемшіліктер болмады. Оқушылардың тамақтану кезіндегі тәртібі мен асхананың жұмысына оң баға берілді
Қауіпсіздік сынып сағаты
17.05.2023
Білім алушыларға балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне, төтенше жағдай және алдын алу алгоритмдері бойынша сынып сағаттар өткізілді және презентациялық таныстырылым жұмыстары жүргізілді.
“Қазақстанда контрафактіге орын жоқ” бейнеролигі
13.05.2023
“Қазақстанда контрафактіге орын жоқ” бейнеролигі
А.Иманов ат. ЖОББЛМ оқушылары
Мухамедиярова Дильназ, 2006 ж., Садвакасов Бахрам, 2006 ж., Павлодар облысы, Май ауданы
#Конкурс_НЕТ_контрафакту_2023
@adiletgovkz
#Конкурс_НЕТ_контрафакту_2022
“Жасыл мекен” республикалық челлендж
13.05.2023
“Жасыл мекен” республикалық челлендж
2023 жылдың 13 мамыр күні сағат 12:00-де мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетті қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу мақсатында “Жасыл мекен” республикалық челленджіне қатысып, мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырып, ағаштар отырғызу акциясына белсенділік танытты. Акцияға белсенділік танытқан белсенділерге алғыс айтамыз.
#табиғатқақамқорлық
#заботаоприроде
#жасылмекен
#еңбекқорлық
“Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” II аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.
12.05.2023
“Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” тақырыбындағы ІІ аймақтық ғылыми-практикалық конференциянда мектеп басшысы Г.Ахметова “Lesson study-зерттеуге қатысушылардың ынтымақтастығын кеңейту ресурсы” тақырыбында және мектепалды тәрбиешісі Б. Аубакирова “Мектепалды сынып оқушыларының математикалық таным қабілетін ойын арқылы дамыту”, мектеп психологы Э. Бакасова “Айналы көрініспен” жазуды алдын алу және оның балалардағы себептері” тақырыбында баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері А. Сагындыкова мен Г.Балкенова, Б.Аубакирова LS зерттеу сабақтары бойынша постер көрмесіне қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Барлық конференция қатысушыларына облыстық сертификаттар табысталды және постерлік таныстырылым байқауының қорытындысы бойынша мектепалды тәрбиешісі Б.Аубакирова 2-орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.Ахметова 27-28 сәуір күні Астана қаласында өткен І Ұлттық конференцияда мектепалды даярлық сыныбында сабақты бақылау нәтижесімен бөлісіп сертификатпен марапатталды.
«Ұлы Жеңіс» ІІІ қашықтық байқауының жеңімпазы
11.05.2023
9-сынып оқушысы Совет Әмина облыстық «Ұлы Жеңіс»
ІІІ қашықтық байқауының «Ұлы Отан соғысына қатысушының өмір жолы» тақырыбында өзінің соғысқа қатысқан атасы туралы бейнеролик түсіріп, 3-орын иеленді.
7-9 МАМЫР МЕРЕКЕЛЕРІ
07.05.2023
“7 мамыр – Отан қорғаушылар күні” және “9 мамыр – Жеңіс күні” мерекелеріне арналған мектеп оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді.
МЕКТЕП АУЛАСЫНДАҒЫ АМАНКЕЛДІ ИМАНОВ ЕСКЕРТКІШІНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
06.05.2023
Бүгін 6 мамыр күні 1983 жылғы мектеп түлектері ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Құрметті 1983 жылғы мектеп түлектері!
«Мектепке тағзым» акциясы аясында
Сіздердің тараптарыңыздан
мектепті көркейтуге қосқан үлестеріңіз және игі істеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт және береке, егеменді еліміздің гүлденуі мен өркендеуі жолындағы игі еңбектеріңізге сәттілік және арман-мақсаттарыңыздың орындалуын тілейміз.
Мектебіміз береке мен бірліктің аясында гүлденіп-өркендей берсін!