
20 қазан күні “EXPO 2017” көрмесіне арналған бірыңғай білім беру сабағы болып өтті. Бастауыш, орта буын және жоғарғы буын арасында өткен топтық сабақтарда халықаралық көрменің маңыздылығы, экономикалық тиімділігі, келешек кемелдігі түсіндіріліп, оқушыларға ой салды. Бастауыш 1-4 сыныптар арасында топтық жұмыс, 5-7 сыныптар арасындаға тәрбие сағаты викториналық сұрақтар мен тапсырмалар, 8-11 сыныптар арасындағы білім сабағы дөңгелек үстел форматында өтті. Сабақтар барысында әр жылдардағы көрмеде ашылған ғаламдық жаңалықтар таңыстырылды. 2017 жылы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық “EXPO 2017” көрмесінің басты тақырыбы – Болашақтың энергиясы. Тәрбие сағаттары оқушылар мен мұғалімдердің пікір алмасу, ой бөлісуімен жалғасты.