«IQANAT» олимпиадасы – ауыл мектептерінің оқушылары үшін олимпиадасы

«IQANAT» олимпиадасы – ауыл мектептерінің оқушылары үшін өткізілетін жалғыз ірі жекеменшік олимпиадасы. «IQANAT» жеңімпаздары диплом мен сыйлықтарымен қатар, Қазақстанның жəне əлемнің жоғары оқу орындарында ақысыз оқу мүмкіндігіне ие болады. «IQANAT» олимпиадасына қатысқан мектебіміздің 9-сынып оқушысы Қайдарова Мөлдір жүлделі орынға ие болды. Мөлдірге сыйлыққа планшет табысталды. Мөлдірдің жетістігі оқушыларымызға үлгі болсын, үлкен жетістікке жетіп, мектебіміздің абыройын асқақтата бер демекпіз. #Қашықтықтаноқу#IQANAT олимпиадасы#

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.