LESSON STUDY үдерісіне арналған семинар

LESSON STUDY

үдерісіне арналған «Сабақты зерттеу тәсілін енгізу арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы семинар Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінде өтті.

Семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты «Педагогикалық және пәндік әдістемелер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Эртисхан Оморгуль, аудандық білім беру бөлімінің мамандары және 50-ге жуық аудан мектептерінің мұғалімдері, балабақша әдіскерлері қатысты.

Семинардың мақсаты Lesson Study үдерісін іске асыру және оның нәтижесін таныстыру арқылы, мұғалімдердің дамудың қандай сатысында екендігін анықтау.

Мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсілді Май ауданының педагогтері 2018 жылдан бастап жүйелі түрде өз тәжірибелерінде қолданып келеді. Қазіргі уақытта аудан мектептері толығымен сабақты зерттеумен айналысуда. 2022 жылы «Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі» атты І аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Оған 130-ға жуық мұғалімдер қатысып, үздік 33 жұмыс конференция жинағына енді.

Lesson Study үдерісін алғашқылардың бірі болып қолға алған А. Иманов мектебі осы семинарда мектепалды топ, ағылшын тілі, қазақ тілі, математика пәні бойынша зерттеу сабақтарының нәтижесін жариялады. «Зерттеу жұмыстарының ерекшелігі – Lesson Study үдерісі буындар арасындағы сабақтастық негізінде іске асырылған» – дейді, мектеп директоры Г. Ахметова.

This entry was posted in Без рубрики. Bookmark the permalink.