Мектеп әкімшілігі мен ұстаздары

Гульсима Миннигалиевна Ахметова – мектеп директоры

 

29 мамыр 1970 жылы Павлодар облысы, Май ауданы Қызыл-құрама  ауылында туған. Ұлты: татар

1977 жылы Құркөл мектебіне 1 классқа барған, 1987 жылы осы мектепті аяқтаған.   1987 жылы Павлодар қаласындағы педагогикалық интситутына филология факультетіне түсіп, 1992 жылы орыс тілі мен әдебиет мұғалімі ретінде аяқатаған. 2002-2004 жылы Павлодар қанасындағы ИНЕУ-ді тамадап, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі ретінде диплом алған. 1992 жылдан 2017 жылға дейін Ақсу қаласының  4 орта мектебінде , қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі  болып еңбек еткен, соның ішінде 1998 жылдан 2015 жылға дейін сол мектептің дирокторының  тәрбие жұмысы орынбасары, 2015-2016 жылдары  директордың  оқу ісі  жөніндегі  орынбасары. 2017 жылы қаңтар айында  Май аудан А.Иманов жалпы орта білім беретін лицей-мектебінің диреткоры болып тағайындалды. 2 бала  тәрбиелеп  отыр.

Жалпы еңбек өтілі: 29 жыл

Саладағы жұмыс өтілі: 29 жыл

Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 3 жыл 10 ай

Марапаттаулары:

-2020 жылы «Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспралаудан бақылауға дейін» тақырыбында өткен аудандық семинарды ұйымдастырып, өткізгені үшін Павлодар қаласындағы ПШО-ның Алғыс хатымен марапатталды

-2019 жылы       Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Орал  қаласындағы «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» атты Республикалық байқауында шығармашылық  топ құрамына еніп 2 жүлделі  орынға ие болды.

-2019 жылы облыстық семинарда  тәжірибесімен бөліскен  үшін  Павлодар  қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Павлодар қаласындағы ПШО алғыс хатымен  марапатталды

-2019 жылы  Павлодар облысының білім беру ұйымдарында инновациялық үдерістерді қолдауы,  қызметтестігі және тамыз педагогикалық іс-шараларына тәжірибесімен бөліскен үшін Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамыту  инновациялық орталыңының Алғыс хатмен марапатталды

-2020 жылы  2019-2020 оқу жылының рейтингі бойынша аудан мектептер арасында  2 орынға иеленді

-2019 жылы Мектеп  түлектерінің білім грантына ие болу көрсеткіші бойынша «Үздік мектеп басшысы» номинациясына ие болды

-2018 жылы  Павлодар облысының  «Өрлеу» біліктілік  арттыру  орталығының  Алғыс хатымен марапатталды

-2017 жылы  Май ауданының әкімінің   Мақтау грамотасымен марапатталды

-2016 жылы Павлодар  облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хатымен

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының  әкімінің  алғыс хатымен

-2014,2015,2016 ж.ж. Қазақстан  Республикасының  Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаттарының марапатына   ие  болған

-2015 жылы Павлодар облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен белгіленген

-2004,2006,2009,2012,2013,2014 жылдары  Ақсу қаласының  Білім бөлімінің  басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды

 

______________________________________________________________

Шынарай Тлектесқызы Қожаханова – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кожаханова  Шынарай Тлектесовна, 1975 жылдың 29 наурызында Павлодар облысы, Май ауданы, Қызыл-Құрама ауылында дүниеге келген. 1992 жылы облыстық Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатын тәмамдаған. 1992 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қысқартылған бөліміне оқуға түсті. 1994 жылы аяқтап, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі деген квалификация берілді. 1994 жылы еңбек жолын Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беретін мектебінде бастады.  2002-2005 жылдары аралығында С.Торайғыров атындағы ПМУ жоғары оқу орнында оқуын жалғастырып, жоғары білімін алды. 2002 жылы Май ауданы, Баскөл ауылына көшіп келді. 2002 -2016 жылдары аралығында А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2015 жылы «Тұран-Астана» университетін тәмамдап, магистр ғылыми дәрежесін алды. 2005-2012 жылдар арылығында мектеп директоры директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылдан 2016 жылы аралығында А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 2012-2016 жылдарда қоғамдағы жұмыстарға белсене қатысып, іскерлігінің арқасында Май аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды және  ауданның даму жолында бірнеше жұмыстардың атқарылуына өз үлесін қосты.  2016 жылы отбасылық жағдайына байланысты Павлодар қаласына жұмысын ауыстырды. Павлодар білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері болып жұмыс атқарды. 2019 жылдан бастап, А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебіне қайта оралып, мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде жұмысын жалғастырды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалып жұмыс атқаруда. 21 жыл еңбек өтілі бар мұғалім. Шәкірттері қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдап, журналистика мамандығы бойынша жұмыс атқарып жатыр. Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты авторлық бағдарламалар жасап, құрастырды. 2020 жылы оқушысы Кайргельдинова Назерке облыстық ғылыми конференциясы «Сатпаев оқуларына» қатысты, Алғыс хатпен марапатталды.


Жандарбек Қанатбекұлы Сембин – мектеп директорының АКТ жөніндегі орынбасары

1982 жылы Павлодар облысы, Май ауданы, Баскөл ауылы дүниеге келді. 2000 жылы Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжін ағылшын тілі мамандығы бойынша, 2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын информатика мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылдан бастап Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектепбінде қызмет атқаруда, педагог-зерттеуші, педагог-модератор. 2015 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. «Тіл дарын – 2010», «Тіл дарын – 2012» аудандық тіл мамандары олимпиадаларының жеңімпазы. 2012 жылы Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» ХДП Май аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталған. 2016 жылғы наурыз айынан бастап Май аудандық маслихатының депутаты. Үйленген.


Яна Николаевна Жагипарова – мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

1996 жылы Павлодар облысы , Павлодар ауданы, Шақат ауылында туған. Білімі жоғары. Еңбек өтілі 4 жыл. 2012 жылы Павлодар музыкалық колледжіне қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің домбыра сыныбы бойынша оқуға түсті. 2016 жылы колледж аяқтағаннан кейін Май ауданы Көктөбе ауылының «Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебіне» домбыра сыныбының ұстазы ретінде жұмысқа тұрды. 2017 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық  «Жаңа жұлдыз» конкурс –фестиваліне жүлдегер дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Жұмыспен қатар «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетке» қашықтықтан оқуға түседі. 2018 жылы университетті аяқтап, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызметін ауыстырды. 2019 жылы Май ауданы білім беру бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2020 жылы Май ауданы Баскөл ауылының «А.Иманов атындағы лицей мектебіне» музыка пәнінің ұстазы, «Домбырам- асыл мұрам» атты домбыра кабинетінің жетекшісі,   тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмысқа ауысты.  Тұрмыста, 1 баласы бар.

 


Ардақ Айтымұлы Ешимов – АӘД пәнінің оқытушысы

 1970 жылы Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Щербақты ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Ақсу қаласындағы дене шынықтыру техникумына оқуға түсіп, 1988 жылы бітірді. Техникумның жолдамасымен  Лебяжі ауданы Қызыл-қоғам орта мектебіне  мамандық бойынша жұмысқа орналасады. 1988-1990 жылдары әскери борышын  өтеп, 1991-1992 жылдары Екібастұз қаласындағы  ЖӨСМ (ДЮСШ) еркін күрестен бапкер болып жұмыс істеген. 2003 жылы А.Иманов атындағы лицей-мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасұан. Қазіргі таңда аталған мектепте «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып жұмыс атқарады. Үйленген.  Екі баласы  бар.


 

Эльмира Мухаметқызы Бакасова – мектеп психолог

1987 жылы  Павлодар облысы, Калкаман ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Инновациялық Еуразия Университетін педагогика және психология мамандығын тәмәмдаған. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Аманкелді Иманов атынжағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде психолог болып қызмет атқарады. Педагог-эксперт.  Жетістіктері: Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық журнал № 1(03)  2016 жыл «5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» мақаласы жарық көрді. «Мұғалім мамандығы туралы ой толғау» облыстық байқауға қатысқаны үшін сертификатпен (2016 ж) марапатталды. «Ұлттық бірыңғай тестілеуге  дайындық, психологиялық қызметінің жоспары және психотренинг ойындар мен жаттығулар» (2012-2013 ж.) атты бағдарламасы басылып шықты. Тұрмыста. Екі бала тәрбиелеп отыр .


Айгуль Канабекқызы Досымханова – химия/биология пәнінің мұғалімі

1967 жылы 30 тамызда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыл – қоғам ауылында  дүниеге келді.   1974жылы Қызыл әскер орта мектебіне  1сыныпқа қабылданып, 1984 жылы осы аталған мектепті бітірді.    1984 жылы Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық иститутына жаратылыстану –георгафия факультетінің химия және биология факультетіне түсіп,1989 жылы химия және биология пәні мұғалімі  дипломын алды.1989 жылы тамыз айының 15-де Май ауданы Қызыл – Құрама совхозында Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектепке биология пәні мұғалімі ретінде қабылданып, қазіргі уақытта осы аталған мектепте химия – биология пәні мұғалімі болып жұмыс атқаруда. Еңбек өтілі – 31жыл.    Соңғы жылдардағы өзінің және оқушылар жетістіктері:  2017 жылы” Үздік  әдістемелік  құрал”  аймақтық  іштей  сайысына  қатысып, І дәрежелі  дипломмен  марапатталды. 2018  жылы “Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жавғдайында  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту”  облыстық  тәжірибеге  бағытталған  семинарда  шеберлік  сағатын  өткізгені  үшін  Алғыс  хатпен  марапатталды. 2018 жылы “Ақбота”  интеллектуальдық  марафонында  Акылбекова  Айсана  (І орын), Мухамедиярова  Дильназ (ІІІ орын), Боранбаева  Айжан (ІІІ орын), Алтынбек  Наргиз (ІІ орын), Сағынтаева  Арайлым (ІІІ орын) жүлдегер атанған. 2018 жылы  “Интеллектуалдық  марафон”  аймақтық  іштей  сайысына  қатысып,  Мухамедиярова  Дильназ  І дәрежелі   дипломмен  марапатталды.   2019 жылы  “Интеллектуалдық  марафон”  аймақтық  іштей  сайысына  қатысып   бірінші  дәрежелі  дипломмен  марапатталды. 2019 жылы  “Интеллектуалдық  марафон”  аймақтық  іштей  сайысына  қатысып  Сағынтаева  Арайлым  І дәрежелі   дипломмен  марапатталған. Тұрмыста. Жолдасы Досымханов Нурлан екеуі отбасында  2 ұл  өсіріп, немере тәрбиелеп отыр.


Гүлсім Садыққызы Смагулова – бастауыш сынып мұғалімі

1986 жылы Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған. 2004 жылы Павлодар мемлекеттік педагогика институты колледжін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірген. 2010 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білімін алды. 2007 жылдан бастап Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектектебінде жұмыс істейді. Педагог-зерттеуші. 2016 жылы аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын, «Заманауи сабақ» аймақтық сайысында ІІ орынды иеленді. 2015 жылы “Педагогтердің біліктілігін арттырудың  деңгейлік курстары: білім беру  мазмұнын жаңарту” республикалық – семинарында, облыстық “Менің алғашқы ұстазым” бірыңғай республикалық акциясы барысында Павлодар облысының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған форумында инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтап таратты. 2018ж: «Өрлеу» БАҰО  АҚ  филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» облыстық тәжірибеге бағытталған көшпелі семинарда шеберлік сағатын өткізгені үшін Алғыс хат; «Өрлеу» БАҰО  АҚ  филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жоспарланған нәтижеден бастапқы мүмкіндіктерге» «Үздік оқу – әдістемелік басылым» облыстық сайысының ІІ дәрежелі дипломы; «Өрлеу» БАҰО  АҚ  филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазіргі орта білім беру жүйесіндегі этнопедагогикалық технологиялардың маңызы» семинарының  сертификаты; ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бастауыш сынып «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломы. 2019ж.: Павлодар қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы «Lesson Study»: имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін дамыту құралы» облыстық семинарда тәжірибемен бөліскені үшін Алғыс хат; Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Павлодар облысының білім беру ұйымдарында инновациялық үдерістерді қолдауы, қызметтестігі және тамыз педагогикалық іс-шараларында тәжірибемен бөліскені үшін сертификат; Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Үздік әдістемелік – дидактикалық материал дайындағаны үшін сертификат; ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы «ПедСтарт» дүниетану пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом.   2019ж.: Павлодар облысының білім беру басқармасы Д.Болатханұлының Құрмет грамотасы. 2020 ж.: ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы бастауыш мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломы.2020 ж.: ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Алғысы. Шәкірттері түрлі деңгейдегі байқауларды бақ сынап, жоғарғы нәтижелерге ие. 


Сәния Маралдықызы Асқарова – бастауыш сынып мұғалімі 

1961 жылы 14 тамызда Павлодар облысы, Павлодар ауданы , Ямышево ауылында  дүниеге келді. 1976 жылы Аманкелді Иманов  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін мектептен  8 жылдық білім алды.1976 жылы  Павлодар педагогикалық училищесіне түсіп, 1980 жылы аяқтады. Еңбек жолын  1980 жылы Павлодар облысы, Май ауданы, Қызылқұрама ауылындағы Аманкелді Иманов атындағы мектепте бастады. 2017 жылы «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін »  Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғысымен марапатталды. 2017 жылы «Үздік сабақ »аймақтық сайысына қатысып  1 дәрежелі дипломмен  марапатталды. 2018 жылы « Бастауыш сынып оқушыларын  оқытуда жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану» атты семинарда Мақтау грамотасымен марапатталды. 2018 жылы « Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»облыстық тәжірибеге бағытталған көшпелі семинарда шеберлік сағатын өткізгені үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы «  Lesson  Study : имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін  дамыту құралы» облыстық семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп,  «Шеберлік –сағаттар» өткізгені үшін Павлодар  қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек жолын  1980 жылы  Аманкелді Иманов  атындағы мектептен бастап,  2020 жылға дейін, яғни бүгінгі күнге дейін осы Аманкелді Иманов атындағы  жалпы орта білім беретін  лийей- мектепте еңбек етіп келеді.

Еңбек өтілі- 40 жыл болған ұлағатты ұстаз.


 Әсемгүл Қосманқызы Бекенова – орыс тілі пәнінің мұғалімі

1977 жылы 24 тамыз Павлодар облысы Май ауданы Қызыл-құрама ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін бітіріп, 2008 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде  мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі болып 18 жыл жұмыс атқарады. 2017 жылдан бастап орыс тілі пәнінің мұғалімі. Педагог-модератор. Жетістіктері: Республикалық ғылыми әдістемелік журнал № 5-6 2013жыл «Төре ұл мен Ару қыз» ;№4 2014 жыл  «Математика еліне саяхат» сабақтар жарық көрді. Май ауданының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін Алғыс хат (2014 ж),Астана қаласы  оқыту және дамыту орталығымен үйымдастырылған «Тәрбиеші болу бақыт» атты ІІ-ші  Республикалық  сайыста ІІІ орын, Диплом(2014 ж), оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту іс-шаралары жоғары бағаланып, бірінші ІQ марафонына қатысушыларды, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды дайындағаны үшін. Өсіп келе жатқан зияткерлерді тәрбиелеуге және дамытуға қосқан үлесі үшін Диплом. (2014-2016ж), «Ханталапай»  интелектуалдық республикалық байқауы «Ең үздік фотоколлаж» Алғыс хат(2015 ж), «Алтын асық» облыстық зияткерлік ойынына қатысушыларды  сапалы дайындағаны үшін Алғыс хат (2015 ж),«Үркер» зияткерлік марафонына жүлдегерлер мен жеңімпаздарды дайындағаны үшін (2016 ж),   Білім беру жүйесінің дамуы жолында  қол жеткізген  табыстары мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі қосқан ерен еңбегі үшін марапатталды(2016 ж). Павлодар облысы білім беру басқармасы(Алғыс хат,Павлодар -2017); ИнЕУ ұйымдастырған  “Лучший урок”  регионалдық сайысында 2019 жылы 1 орынға ие болды;  «ПедСтарт»  олимпиадасында 2019 жылы  ІІ,ІІІ орынға иеленді. “Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жағдайында  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту”  (Алғыс хат,Павлодар -2018);   «Жаңартылған білім ьеру бағдарламасын іске асыру: жоспарлаудан бақылауға дейін» семинарда ашық сабақ беріп өз тәжірибесіиен бөліскені үшін (Алғыс хат,Павлодар -2020);  Жалпы педагогикалық өтілі 22 жыл. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп  отыр . 

______________________________________________________________

Айгүл Қабылғазықызы Мухамедиярова – тарих  пәнінің мұғалімі 

 Павлодар облысы Май ауданы Қызыл – Құрама ауылында 20 сәуір 1970 жылы туған.Тарих және география пәнінің мұғалімі. Жоғары білімді, педагог-модератор. Өз пәнінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып, оқушыға өзіндік таным әрекетін қалыптастырады. Өзінің мамандық шеберін қалыптастыруда оқушыларды оқыту барысында жаңа бағытта құрайды. Өз тәжірибесінде қолданбалы курстар «Тарих және патриотизм», «Қазақстандағы ұлттар тарихы», «Өлкетану» Павлодар облыс білім беру департаментінің педагог кадрларын біліктілігін арттыру институтымен және білім беру, тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығымен пікір алысып бекітілді және аудан көлемінде тәжірибе алмастырылды. Қызықты, танымдылығы мол сабақтары Республикалық ғылыми- педагогикалық «Қазақ тарихы»журналында , «45 minut» ұстаздар сайтында   жарияланған. Май аудандық ғылыми жоба жарысында оқушылары ІІ орын иегері атанған. Облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Тұрмыста екі баланың анасы.


Әйгерім Ғалымжанқызы Асқарова – қазақ тілінің мұғалімі 


1990 жылы туған Павлодар облысы, Май ауданы, Баскөл ауылында туған. Білімі жоғары. 2007 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты колледжіне түсіп, 2010 жылы аталған оқу орнын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2010 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтына филология факультетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013 жылы бітірді. Еңбек өтілімі 10жыл, екінші санатты маман.  Мұғалімнің жұмыс істейтін мәселесі: «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету». Оқыту мен тәрбиелеудің ең озық та тиімді жолдарын қолдана отырып, сабақта әр оқушыға түсінікті, мазмұнды, терең білім беруді көздейді. Өз білімін жетілдіру мақсатында Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2013 жылы “Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімділігін жаңа технологиялар арқылы арттыру” атты Е.Жұматаеваның авторлық курсынан өтті. 10-сыныптың «Сөз мәдениеті», 11-сыныптың «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі» қолданбалы курс бағдарламаларын  құрастырып,  ПМПИ филология ғылымының докторы, профессор  Б.Сағындықұлымен бекітіліп, өз тәжірибесінде қолданады.  А.Г.Аскарова – қазақ, орыс, тілдерін жетік біледі, компьютерде жетік жұмыс істей алады. 
2020ж «Ұстаз тілегі» қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылған онлайн олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі, қазақ әдебиетінен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Дарын Онлайн І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасына қатысқаны үшін сертификат берілді.Республикалық Онлайн олимпиада жулдегерлерін дайындағаны үшін «Алғыс хат» берілді.

Тұрмыста, үш баласы бар.

______________________________________________________________

Мурат Айтмағамбетұлы Рустемханов – технология пәнінің мұғалімі

 1977 жылы 1 қазан  Павлодар облысы, Май ауданы Қызыл-құрама ауылында дүниеге келді. 2004 жылы Павлодар қаласындағы Бейсен Ахметов атындағы ПМП колледжінің технология мамандығына түсіп, 2007 жылы аяқтады. 2008 жылы Аманкелді Иманов атындағы  ЖОББ л-м технология пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 2010 жылы Павлодар қаласындағы  ПМП институтының кәсіптік оқыту факультативіне түсіп, 2012 жылы аяқтады.  Аталған мектепте жұмыс істегеніне 12 жыл. Үйленген. Жолдасы Рустемханова Асем Кумаровна А.Иманов атындағы ЖОББ л-м жанындағы шағын орталықта тірбиеші көмекшісі болып жұмыс жасайды. Екі бала тәрбиелеп отыр.

___________________________________________________________

Айман Тасболатқызы Аушаихова – бастауыш сынып мұғалімі

1983 жылы 23 маусымда Павлодар облысы Май ауданы Жанатлек ауылында дүниеге келген. 1990 жылы А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепке 1990 жылы оқуға барып, осы мектепті  2000 жылы бітіріп шықты. 2000 жылы Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжине сырттай оқуға түсіп, А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей – мектепте хатшы болып жұмыс бастады. 2004 жылы коллежди аяқтаған соң осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып ауыстырылды. 2006-2009 жылдар аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының сырттай бөлімін оқып, аяқтады. 2019 жылы :педагог-сарапшы біліктілік санаты берілді. ИнЕУ ұйымдастырған  “Үздік сабақ”  регионалдық сайысында 2019 жылы 1 орынға ие болды;  «ПедСтарт»  олимпиадасында 2019 жылы  ІІ орынды иеленді. Тұрмыста. Мектеп жасына жетпеген екі баласы бар: ұлы – Аманкелд  Әлинұр Жеңісұлы, қызы – Аманкелді Айару Жеңісқызы.

______________________________________________________________

Гульнар Райханқызы Темиржанова – бастауыш сынып мұғалімі

        Темиржанова Гулнар Райхановна,  1963 жылдың 02 қарашасында  Павлодар облысы, Ақсу ауданы,  Грязновка ауылында туған. Ұлты қазақ.  1970 жылы Қызыл-Құрамадағы А.Иманов атындағы мектепке барып,1980 жылы осы мектепті аяқтаған. 1980 жылы Екібастұз педагогикалық училищесіне түсіп, 1983 жылы «Жалпы білім беретін мектептің бастауш кластарында оқыту» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1999 жылы «Дарын» әлеуметтік –гуманитарлық институтына түсіп, 2002 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.  1986 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп» мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі болып істейді. Жалпы еңбек өтілі:37жыл. Білім саласындағы жұмыс өтілі:37 жыл.  Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:37 жыл. Бастауыш сынып оқушыларының ҮІ облыстық математикалық турниріне қатысқаны үшін Кайыркен Ерсұлтан ІІІ дәрежелі диплом (2018ж.), (Word of Science -2019″ халықаралық конкурсқа Зейнуллина Малика қатысып І орын иеленді, математика пәнінен “Интеллектуалды марафон” Аймақтық іштей сайысына Кожахмет Ералы қатысып, І дәрежелі Диплом, бастауыш сынып оқушылары ҮІ облыстық математикалық турнирдің ІІІ дәрежелі жүлдегерлері Каиркен Ерсултан, Республикалық “Үркер” марафонының жүлдегері Самат Фарида (2018ж.) 2017 жылы ПОНИ Диплом, “Ағарту сабағы-2019” аймақтық іштей сайысына қатысып І дәрежелі Диплом, “Үлгілі сабақ” атты қашықтықтан өткізілген ІХ Республикалық педагогтар сайысында І орын иегері (2019ж), математика пәнінен Республикалық “Интеллектуалды марафонға қатысып, І дәрежелі Диплом, “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы ұйымдастырған “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту” облыстық семинарда шеберлік сағатын өткізді (2018 ж)., “Lesson Study” имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін дамыту құралы” облыстық семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп, “Шеберлік сағатын” өткізгені үшін Алғыс хатпен марапатталды (2019ж).

 

______________________________________________________________

Кульбаршын Мағауқызы Масугутова – физика пәнінің мұғалімі

Кульбаршын Магауовна  1965 жылы 25 сәуірде  дүниеге келген. 1984 жылы Павлодар Педагогика Институтына түсіп 1989 жылы аталған институтты физика – математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.1989 жылдан бастап аталған білім ордасында ұстаздық қызмет атқарады.2000-2014 жылдар аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Оқушылары аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы. 2017 жылы халықаралық  «XVI Сәтбаев оқулары» конференциясында 10 сынып оқушысы Қайдаров Жанболат жүлделі 3 орынға ие болды. Аудандық ғылыми жобалар сайысында 2019 жылы Мағау Алуа 2 орын, 2020 жылы Жалелов Айдын 2 орынға ие болды. Кульбаршын Магауовна Республикалық Ұстаз тілегі олимпиадасында алгебра пәнінен 1 орын. Республикалық онлайн әдістемелік сайтындағы «үздік мақалала» сайысының 1 орын жеңімпазы. Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының 1 орын жеңімпазы.  Отбасында үш бала тәрбиелеп ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ана.

______________________________________________________________

Айгуль Утеповна Сегизбаева – математика пәнінің мұғалімі

1989 жылы 30 қазанда Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Әкесі  Сегизбаев Утеп, Сегизбаева Базаргуль зейнетке шыққан. 2002 жылы Железин ауданына қоныс аударып, 2008 жылы Железин №3 мектепті бітіріп, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтына физика-математика факультетіне түсті. 2012 жылы институтты бітіріп, Железин ауданының, Еңбекші ауылына математика пәнінің мұғалімі болып 1 жыл жұмыс атқарды. 2013 жылы Май ауданы, Баскөл ауылына келіп, Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектепке математика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Еңбек өтілі – 8 жыл. Соңғы жылдардағы өзімнің және оқушылар жетістіктері: 2019 жылы «НИО» Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасында Қайркен Ерсұлтан ІІІ дәрежелі дипломмен, Совет Әмина І дірежелі дипломмен марапатталды. 2020 жылы 8 сынып оқушысы Қаиркен Нұрдәулет Облыстық сырттай оқу мектебі шағын олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Сегизбаева Айгуль Утеповна 2019 жылы «ТИО» Республикалық Дәстүрлі Интернет олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен, 2019 жылы аудандық интернет-фестиваль конкурсында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2018  жылы “Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  жағдайында  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту”  облыстық  тәжірибеге  бағытталған  семинарда  шеберлік  сағатын  өткізгені  үшін  алғыс  хатпен  марапатталды. 2020 жылы «Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру : жоспарлаудан бақылауға дейін» тақырыбында өткен аудандық семинарда ашық сабақ беріп, өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталды.  Тұрмыста, жолдасы — Масугутов Мақсұт, 1988 жылы туған,Баскөл ауылының әкімшілігінде бас маман болып жұмыс атқарады. Екі баласы бар. Ұлы — Балтабек Әлисұлтан Мақсұтұлы, қызы — Балтабек Айғаным Мақсұтқызы.

______________________________________________________________

Ерлан Айтбайұлы Сулейменов – география пәнінің мұғалімі

1962 жылдың  06 ақпанында Павлодар облысы,  Май ауданы,  Қызыл-Құрама ауылында туған.  Ұлты қазақ. 1969 жылы Қызыл-Құрама ауылындағы А.Иманов атындағы мектепке барып, 1979 жылы осы мектепті аяқтаған. 1980 жылы Павлодар қаласындағы индустриалды институтына түсіп, 1985 жылы өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1985 жылдан бастап 1996 жылға дейін Қызыл-Құрама ауылының құрылыс участкесінің бас прорабы болып қызмет атқарды. 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп» мемлекеттік мекемесінде тарих және география пәні мұғалімі болып істейді. 2000 жылы Павлодар Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2002 жылы тарих және география мамандығы бойынша толық курсты бітіріп шықты. Жалпы еңбек өтілі:40жыл. Білім саласындағы  жұмыс өтілі: 24 жыл. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:24 жыл. Марапаттаулары:  2018 жылы «Үздік сабақ» аймақтық сайысына қатысқаны үшін I-дәрежелі дипломен марапатталды.  2018 жылы аудан әкімінің «Алғыс хатымен » марапатталды. 2019 жылы Май ауданы білім беру бөлімінің «Құрметті грамотасымен» марапатталды.

______________________________________________________________

Гаухар Жекенқызы Балкенова – қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

1981 жылы 31 қаңтарда Май ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келді. 1987 жылы Жалтыр орта білім беретін мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 1998 жылы 11 жылдық сыныпты аяқтады. 1998 – 2001 жылдары Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы педагогика колледжіне филология факультеті бойынша «Қазақ тілі мен әдебиет» мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. 2001-2003  жылдары  Павлодар қаласындағы № 2 жалпы орта мектепте қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 2002 – 2008 жылдар аралығында  Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің  сырттай оқу бөлімінде оқып, «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша диплом берілді. 2010-2011 жыл аралығында Май ауданы ІІБ  мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы қызметінде уақытша  қызмет етіп, 2011 жылдың күзінде  А. Иманов ат.ЖОББМ шағын орталықтың, «Күншуақ»  тобында тәрбиешінің көмекшісі қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап ағымдағы жылда  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі  лауазымында “педагог-модератор” біліктілік санаты бойынша  қызмет атқарады.  2017 жылдың 12.03-12.05 аралығында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілі мектептеріндегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын аяқтады. 2017 жылғы оқу жылында зияткерлік іс-шараларына қолдау көрсеткені үшін Май аудандық білім беру бөлім басшысының Алғыс хатымен марапатталды. 2019 жылы «НИО» Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.  2020 жылы «Педстарт» мұғалімдер олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.2020 жылы «Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлаудан бақылауға дейін» тақырыбында өткен аудандық семинарда өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталды. Тұрмыста, үш баласы бар. 

______________________________________________________________

Берік Дубекұлы Аханов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

1979 жылы 24 маусымда Павлодар облысы, Май ауданы, Қызыл-Құрама ауылында дүниеге келді. 1994 жылы Аманкелді Иманов мектебін тәмамдап, Жаяу Мұса атындағы Ақсу кщлледжіне  дене шынықтыру факультетіне оқуға түсті. Аталған оқу орнын 2000 жылы аяқтап, дене шынықтыру мұғалімі деген квалификация берілді. Алғашқы еңбек жолын Көктөбе орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. Отбасылық жағдайына байланысты 2004 жылы Баскөл ауылына келіп, отбасын құрды. 2004 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс атқаруда. Жұмыс барысында мектептің, ауданның мәртебесін көтеру мақсатында оқушылары облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Б.Аханов шаңғы тебумен айналысады, облыстық жарыстарда жекелікте І,ІІ орындарға ие болды. 2018 жылы аттестациядан өтті, ІІ санатты мұғалім.  Үйленген. Жұбайы Алия екеуі төрт бала тәрбиелеуде.

______________________________________________________________

Даурен Советұлы Байдильдин – тарих пәнінің мұғалімі

1977 жылы  24 қаңтарда  Павлодар  облысы, Май ауданы, Баскөл  ауылында  дүниеге  келді. 1984-1994 жылдары  Амангелді  Иманов  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектепте  білім алды. 1995-1996 жылдары  әскери  міндетін  атқарды. 2002-2007 жылдары  Павлодар  мемлекетттік  педагогикалық  институтта  тарих, құқық  негіздері,  экономика  саласы  бойынша  диплом  алды. 2007 жылы  отбасын  құрды. Осы  жылы  Амангелді  Иманов  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін лицей-мектепте  тарих пәнінің  мұғалімі  болып  жұмысқа  орналасып, қазіргі  уақытта  сол  аталған  мектепте  қызмет  атқаруда. Жолдасы  Байдильдина  Жадыра  Шайзадақызымен  4 бала  тәрбиелеп  отыр. Үлкен  қызы  Әмина 27.03.2008ж, қазір  7-сынып  оқушысы, Мирас  11.06.2012ж, қазір  3 сынып  оқушысы, Есенаман  14.10.2016ж,  Айым 13.07.2020 жыл.

______________________________________________________________

Қуат Рақымбекұлы Айдарханов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

1976 жылы 27 қырқүйекте Павлодар облысы, Май ауданы, Қызыл құрама совхозында  дүниеге  келген. 1997 жылы Ақсу қаласының аймақтық  колледжін аяқтады.       2004 жылдың қазан айынан бастап А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып ауысты. 2004-2007 жылдар аралығында Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының дене шынықтыру мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. Қазіргі уақытта А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі және аға тәлімгер болып қызмет жасап жатыр. Жалпы еңбек өтілі -19 жыл. І санатты мұғалім. Әлеуеті жоғары, өскелең ұрпаққа үлгі бола алатын Куат Рахимбекович  сабақ өткізудің өзіндік әдіс-тәсілдерін зерделеген ұстаз. Тынбай еңбек ету нәтижесінде:«ЭКСПО-2017»  халқаралық   көрмесіне арналған  президенттік көпсайыстың қысқы түрлері бойынша Павлодар облысының чемпионатында ІІ орынға иеленді.2017 жыл.Әлем чемпионы А.В Сорокинаны еске алуға арналған ардагерлер арасындағы шаңғы жарысы бойынша ашық қала турнирінде ІІІ орынға ие болды.2017 жыл.Аудандық қысқы президенттік көпсайыста ІІ орынға иеленді. 2017жыл.Білім беру басқармасының аймақтық оқу – тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.2017 жыл.ҚР Тәуелсіздік күніне орай Май ауданының білім беру бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2018жыл.Аудан әкімі А.Қаңтарбаевтың Аьлғыс хатымен марапатталды.2018жыл. Оқушылары да аудандық , областық сайыстардың жүлдегерлері.Ұстаздар күніне орай Павлодар облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.2020жыл. Үйленген. 3 баласы бар.

______________________________________________________________

Берік Қайроллаұлы Ескендиров – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

______________________________________________________________

Бибигуль Төлегенқызы Кабдуллина – технология пәнінің мұғалімі

15.02.1968 жылы  Павлодар  облысы,Май ауданы, Баскөл (Қызыл -Құрама) ауылында  туған.

Ұлты : қазақ

Білімі : арнаулы  орта

Қай  оқу  орнын  бітірді:2003-2006 ж  Б.Ахметов атындағы Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық колледжінің  технология  мамндығы бойынша  толық  курсын  бітіріп  шықты.

Квалификация: педагог –сарапшы  2018 жыл

Мамандығы:  негізгі  мектептің  технология  сабағының  мұғалімі

Жалпы  еңбек  өтілі: 29 жыл

Педагогикалық :10 жыл

Марапаттаулары:

-2020жылы «Мамыр» айында  өткізілген  Республикалық «Көркем еңбек (қыз балаларға арналған)»Блиц –турнирінің 1 орын жеңімпазы.

-2020 жылы  Республикалық  Көркем еңбек (қыздарға ) пәнінен ұстаздар  арасында олимпиадасының  3  орын жеңімпазы.

-2019 жылы Павлодар облысының  әкімінің  алғыс хатымен  марапатталды.

-2019 жылы облыстық  семинарда тәжірбиесімен  бөліскен  үшін  Павлодар қаласы  Назарбаев Зияткерлік  мектебі  Павлодар қаласындағы  ПШО алғыс  хатымен  марапатталды.

-2019 жылы «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» атты  республикалық интернет- байқауында балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін  ашуға  және  дамытуға  жағдай  жасап,қолдау көрсеткені  үшін алғыс хатпен марапатталды.Оқушы:  Ерік  Нұрдинаға  3 орын берілді.

-2018 жылы «Өрлеу» БАҰО  АҚ ФИЛИАЛЫ  Павлодар  облысы бойынша  педпгогикалық   қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институы

  Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздің күніне  арналған  бейнелеу өнерінен білім  беру  қызметкері  арасында өткізілген «Менің  Қазақстаным» атты ХIII облыстық  шығармашылық сайысына қатысқан  үшін  ІІІ дәрежелі  дипломмен  марпатталды.

-2018 жылы «Өрлеу» БАҰО  АҚ ФИЛИАЛЫ  Павлодар  облысы бойынша  педпгогикалық   қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институы

«Жаңартылған  білім  беру  мазмұны жағдайында  оқушылардың  функционалдық сауаттылығын  дамыту»облыстық тәжірбиеге бағытталған  көшпелі  семинарда шеберлік сағатын өткізген үшін  алғыс  хатпен  марапатталды.

-2018 жылы «Интеллектуалды   марафон» облыстық  іштей  сайысына  қатысқаны  үшін І дәрежелі  дипломмен  марапатталды.Оқушы : Асетова  Дильназға 1 орын берілді.

-2018 жылы Оқушылардың  шығармашылығын  дамыту орталығы  «МОЙ ШЕДЕВР» Республикалық  сәндік- қолданбалы  шығармашылық байқауының  жеңімпаздарын  дайындауға қосқан  үлесі  үшін мадақтамамен  марапатталды.Осы қашықтық байқаудан  жүлдері  орындар  алған  оқушылар: Жасталапова  Мадина-   І дәрежелі  диплом

                   Кадыр  Айым –   І дәрежелі  диплом 

                  Темиртеков  Дальмин – І І дәрежелі  диплом 

-2018 жылы  Май ауданының  білім беру  бөлімі

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік  күніне  орай   құрмет  грамотасымен  мараптталды.

-2017 жылы «Мектеп- жоғары оқу орны»бағдарламасы аясында өткізілген аймақтық «Ағарту  сабағы» шығармашылық  сайысына қатысқаны  үшін І І дәрежелі  дипломмен  марапатталды.

-2017 жылы Республикалық  әскери-патриоттық  «Қазақстан патриоты» журналының  Ұлттық өнерді  жаңғыртуға бағытталған  «Ұлт өнері -ұрпаққа  мұра!»атты республикалық қолөнер байқауына шәкірт қатыстырғаны  үшін диплом берілді.Осы  байқауға  қатысқан  оқушылар:

                  Жасталапова  Мадина-   ІІ дәрежелі  диплом

                   Кадыр  Айым –   ІІ дәрежелі  диплом 

                  Мухамедиярова  Дильназ – І І дәрежелі  диплом 

-2016 жылы Май ауданының  білім беру  бөлімі

Білім бері  саласындағы  елеулі  еңбегі  үшін  алғыс хатпен  мараптталды.

-2015 жылы Май ауданының  білім беру  бөлімі

Жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  берудегі  ұстаздық  шеберлігі  үшін  алғыс хатпен  мараптталды.

-2014 жылы Павлодар қаласының білім беру  бөлімі

Қазақстан  Республикасы  жас  натуралистер  қозғалысының  100-жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан» атты  ХІV-ші аймақтық ғылыми – тәжірбиелік  конференциясы  жүлдегерін  дайындаған  үшін  алғыс хатпен  мараптталды . Оқушы  Кумарбек  Нурай осы  байқауда ІІ орын  иеленді.

 -2014 жылы Астана  қаласында Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразиялық ұлттық университеті  тарих факультеті  академик К.А.Ақышевтың  туғанына 90 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған 9-11 сынып оұушылары арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар сайысында 11 сынп  оқушысы  Жұмажан Гульзаданы дайындаған  үшін  сертификат,оқушыға  «АЛҒЫС  ХАТ» берілді.Ғылыми жобанын  тақырыбы «Жүн және жүннен жасалатын бұйымдардың  заманға қажеттілігі».

 

______________________________________________________________

Бақыт Сағадатқызы Аубакирова – даярлық топ тәрбиешісі

1981 жылы 19 мамыр  Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай ауылында  дүниеге келді.     1986 жылы Майқарағай  орта мектебіне  1сыныпқа қабылданып,1994 жылы А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебіне ауыстырылып,ал 1997 жылы осы аталған мектепті бітірді. 1998 жылы Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжіне түсіп бастауыш сынып  пәні мұғалім  дипломын 2001 жылы алды. 2003  жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне түсіп, 2006 жылы қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығы бойынша  толық курсын бітіріп шықты. Май ауданы Қызыл – Құрама совхозында Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепке орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі ретінде қабылдаы,қазіргі уақытта осы аталған мектепте Мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеші болып жұмыс атқаруда.Еңбек өтілі –16 жыл.  Соңғы жылдардағы оқушылар жетістіктері:2015 жылы Павлодар облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өз білімін жетілдіріп «Step by step», ОТШТ, Н.Зайцев және М.Монтессори педагогикалық жүйелері мен технологияларын мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруде қолдану тақырыбы бойынша курстан өтті. 2015 жылы Б.Ахметов атындағы ППК III Ахметов оқулары Қазіргі білім беру үдерісі тәжірибе мәселелер болашағы аймақаралық ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысқан сертификат алды.  2015 жылы «Болашақ» ҒППО-ның  ұйымдастыру бойынша «Педагогтардың және психологтардың білім беру сапасын жақсарту, заманауи білім беру үлгісін жетілдіру және жаңаландыру. Педагогтар мен психологтардың кәсіптік шеберлігін жоғарлатудағы» бағдарламасы бойынша білім алғаны үшін берілген.  2016 жылы Павлодар облысы кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау орталығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» кәсіби бойынша толық курсын бітіріп.     2017 жылы Иновациялық Еуразия университетінде  «Үздік сабақ» аймақтық іштей сайысқа қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық «Мой шедевр» атты конкурсына қатысып грамотамен марапатталды. 2018 жылы  Республикалық конкурсынан «Мой шедевр» атты тәрбиеленушілері де II дәрежелі дипломмен марапатталды олар Қайролла Бексұлтан,Ықылас Сезім,Мауенова Диляра,Ислям Жанар. 2019 жылы ПОНИ Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындаған үшін Дипломмен марапаталды. Тәрбиеленушілір де Масугутов Арман,Шайхова Айзере,Зульхатова Жансая дипломдармен марапатталды. 2020 жылы «Абайдың білмек керек,ойлы жасқа» аудандық конкурсының II орын  иегері Асқарова Айлин,Балтабек Әлисұлтан марапатталды,және осы конкурста  III орын иегері Қайролла Бексұлтан марапатталды. Тұрмыста. Отбасында 3қыз, 1ұл  өсіріп, тәрбиелеп отыр.

 

This entry was posted in Ұстаздар. Bookmark the permalink.