“Пікірсайыс алаңы” мектепішілік дебат
8-9 сынып оқушыларымен “Пікірсайыс алаңы” мектепішілік дебат өтті. Дебат- жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сөйлеу мәдениеті қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге дағдыландырады. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізуге мүмкіндік береді. Үнемі ізденісте болуға, айтылған қарсы пікірге қарамастан, ойыңыздың дұрыстығын дәлелдеуге үйретеді.