Алтын күз


А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектебінде күн көрісі төмен отбасылардың балаларына және басқа да санаттаға балаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік себептермен балалардың сабаққа келмей қалуын алдын алу мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді.
А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп
«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы туралы ақпарат
Облыста қалыптасқан дәстүр бойынша 2014 жылғы 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы А.Иманов атындағы орта мектебінде де өткізілді.
Қамқорлық айлығын өткізу және ұйымдастыру комисиясын құрылып, атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілді.
Акция шеңберінде мектеп оқушыларының еңбек десантшылары және 5-8 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге жалғызбасты қарттарға және мүгедек адамдарға көмек көрсетіп, қамқорлық жасады.
1-қазан Қарттар күніне орай ауылдық мәдениет үйінде өткізілген мерекелік кешке мектеп әкімшілігі көмек көрсетіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.
Мектебімізде жетім 2 оқушы, қамқоршылыққа алынған 1 оқушы, күн көрісі төмен 8 оқушы және көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 21 оқушы бар. Бұл санаттағы оқушылардың барлығы күнделікті тегін ыстық тамақпен қамтылған. Айлық кезінде осы оқушылармен кездесулер өткізіліп, жетім оқушылардың қамқоршыларынан есеп алынды.
Акция аясында 5-11 сынып оқушыларының көмегімен, дәстүрге айналған, қайырымдылық «Тәттілер» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, одан түскен қаражат ата-аналар комитеті мен ұйымтастырушылардың шешімі бойынша жетім және қамқоршылыққа алынған оқушыларға көмек ретінде үлестірілді. Жалпы сомма 10600 теңге құрады. Осы қаражат көлемінде ата-аналар комитетінің тарапынан сыйлықтар тарту етілді.
Сондай-ақ, оқушылардың күнделікті сабаққа қатысының қатаң есебі жүргізілді.
Орындаған: Бекенова А.К
«Мектепке жол» жалпы республткалық акциясы
Амангелді Иманов атындағы мектепте
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2014 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жетінші жыл қатарынан «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді.
Акция мақсаты – тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардағы жаңа оқу жылына дайындау және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу.
Барлық мектеп оқушыларына қажетті жағдай жасау бойынша, атап айтқанда, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардағы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауда Баскөл ауылындағы А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қайырымдылық акциясы жүргізілді.
Акция аясында жаппай оқыту қорынан жетім, күнкөрісі төмен отбасынан шыққан 11 оқушыға 220000 теңгені құрайтын сомма есеп шоттарына аударылды. Көмекке мұқтаж отбасылардың балаларын сабаққа дайындауға қол ұшын берген жеке кәсіпкер Курнов Генадий, Баскөл ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Ешимова Назым, Жаңатілек мәдениет үйінің меңгерушісі Қаптаева Алтынгүл және Бозша мәдениет үйінің меңгерушісі Байғабылова Жұлдыз, ауыл тұрғыны, зейнеткер Сағила Уалиханқызы қол үшін берді сонымен қатар ауылдық әкімшілік пен мектеп ат салысты. Ақсу ферроқорыту зауыты мектепке жол акциясына өз үлестерін қосты.
Жалпы мектеп бойынша акция барысында 11 балаға жаппай оқыту қорынан 220000 теңге және бюджеттен тыс 33800 теңгеге әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға мектеп формасы, аяқ киім, спорт киім ,кеңсе тауарлары берілді.
Барлық қажетті құралдармен қамтылған балалар 1 қыркүйек күні білім нәрімен сусындауға мектепке келді.
Акцияның жылсайын өткізіліп, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады.
А. Бекенова
Тәрбие ісінің меңгерушісі
А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру апталығының салтанатты ашылуы болды.
Бұл күнгі салтанатты ашылу рәсіміне 1-11-ші сынып оқушылары қатысты.
6 қыркүйек күні мектепішілік денсаулық күні жоспар бойынша табиғат
аясында ата-аналармен, ұстаздармен, оқущылармен түрлі спорт
сайыстары өткізілді
Жарыс бойынша жеңімпаздары мадақтамаларымен және бағалы
сыйлықтарымен марапатталды.
“Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның тұрақты дамы факторы ретінде” атты облыстық тамыз конференциясының информатика пән мұғалімдердің секциялық отырысының “Мазмұнды баяндама” номинациясы бойынша Масугутов Максут Балтабекович марапатталды
-2020 жылы «Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспралаудан бақылауға дейін» тақырыбында өткен аудандық семинарды ұйымдастырып, өткізгені үшін Павлодар қаласындағы ПШО-ның Алғыс хатымен марапатталды
-2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Орал қаласындағы «Ауылдық мектептің цифрлық бейнесі» атты Республикалық байқауында шығармашылық топ құрамына еніп 2 жүлделі орынға ие болды.
-2019 жылы облыстық семинарда тәжірибесімен бөліскен үшін Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі Павлодар қаласындағы ПШО алғыс хатымен марапатталды
-2019 жылы Павлодар облысының білім беру ұйымдарында инновациялық үдерістерді қолдауы, қызметтестігі және тамыз педагогикалық іс-шараларына тәжірибесімен бөліскен үшін Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамыту инновациялық орталыңының Алғыс хатмен марапатталды
-2020 жылы 2019-2020 оқу жылының рейтингі бойынша аудан мектептер арасында 2 орынға иеленді
-2019 жылы Мектеп түлектерінің білім грантына ие болу көрсеткіші бойынша «Үздік мектеп басшысы» номинациясына ие болды
-2018 жылы Павлодар облысының «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығының Алғыс хатымен марапатталды
Информатика пәнінің мұғалімі Сембин Жандарбек Канатбекович аудандық пән мұғалімдерінің олимпиадасында жүлделі ІІІ орынды иеленді (2017 жыл),
Химия және биология пәндерінің мұғалімі Досымханова Айгуль Канабековна аймақтық “Заманауи сабақ” конкурсында жүлделі І орын алды (2016 жыл).
Білім беру басқармасының Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы Ардақ Айтымович Ешимовты, Берік Қайроллаұлы Ескендировты дене тәрбиесі және спорттың дамуына, оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда зор үлес қосқаны үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
“Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның тұрақты дамы факторы ретінде” атты облыстық тамыз конференциясының информатика пән мұғалімдердің секциялық отырысының “Мазмұнды баяндама” номинациясы бойынша Масугутов Максут Балтабекович марапатталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультеті екі бағыт бойынша «Үздік шығармалар сайысының» алғашқы кезеңі – І турынан Балтабекқызы Інжу шықты. Құттықтаймыз