2021-2022 оқу жылын аяқтау және 9-сынып білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы ата-аналармен жиналыс өтті.
Қорытынды аттестаттау өткізудің мынадай мерзімдерде өтеді. 9- сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2022 жылғы 28 мамыр;
2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 3 маусым;
4) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан – 2022 жылғы 6 маусым;

