Мектепалды даярлық топтағы сабақтастық

20.04.2022

Мектепалды даярлық топта бастауыш сынып мұғалімі С.Аскарова математика сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: Геометриялық пішіндер, пішіндер неге ұқсайды туралы түсінік беру. Бейнефильмдер мен суреттер арқылы баланың қызығушылығын арттырды. геометриялық пішіндердің күнделікте өмірде кездесетін заттармен алмастырды, атауларын атап берді. Тәрбиеленушілер өте белсенді қатысты.

Құттықтаймыз!!!

19.04.2022

Құттықтаймыз!!!

2021-2022 оқу жылында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «ЖАС КЕМЕҢГЕР» мектебінің қорытынды олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 5 сынып оқушысы Қосман Аяжан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Талабыңа нұр жаусын!!!
Жетекшісі Қожаханова Шынарай Тлектесовнаға алғысымыз шексіз!

Құттықтаймыз!!!

18.04.2022

Құттықтаймыз!!!

2021-2022 оқу жылында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының облыстық сырттай оқу мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен 9 сынып оқушысы Хамитова Раушан жүлделі 2 орынды және 10 сынып оқушысы Мухамедиярова Дильназ жүлделі 3 орынды иеленді. Талаптарыңа нұр жаусын!!!
Жетекшісі Балкенова Гаухар Жекеновнаға алғысымыз шексіз!

ҒЫЛЫМ КҮНІ

18.04.2022

Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған Май ауданы білім беру бөлімінің жоспарына  сай 18 сәуір күні мектебімізде жоғары сынып оқушылары мен педагогтарының қатысуымен қазіргі таңда ғылыммен айналысып жүрген мектеп түлектерімен онлайн форматында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл кездесуге мектебіміздің түлегі  Қасенова Асемгүл Дәуренқызы тарих ғылымының кандидаты, PhD докторы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының  ғылыми қызметкері қатысты.  А.Касенова ғылым жолында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.  Оның ішінде 2020-2021 жылдары Сарыарқа жерінде жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесі туралы толығырақ мәліметтер берді. Археологиялық екерткіштер белгілінген Май ауданының картасымен таныстырды. Түндік II қорымына (ерте темір дәуірі және XVIII–XIX ғғ зираттары) тоқталды. Тұшты көлден табылған қола дәуірінің қорымы туралы да айтты. Аршалы шатқалынан табылған XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ қонысы туралы деректері өте қызықты болды. Мектеп оқушылары бүгінгі күнге жеткен жетістіктеріне тоқталды, сұрақ-жауап арқылы А.Касеновамен сұқбат жүргізілді. А.Касенова оқушыларымызға рақметін айтып, келешекте ғылыммен айналысуға шақырды. #ғылымкүні#деньнауки хэштегімен#

Бастауыш сыныптардағы сабақтастық пән мұғалімдерінің сабақ беруімен жалғасты.

18.04.2022

4-сыныптағы Дүниетану сабағы “Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі” тақырыбы негізінде  тарих пәнінің мұғалімі А.Мухамедиярованың сабақ беруімен жалғасты. Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі туралы видеоролик көріп, сол бойынша тапсырмалар орындады. Сабақты бекіту негізінде тақырыпқа сай класстер құрастырды. Мұғалімге кері байланыс берді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Басқа аудитория, басқа мұғалім оқушылар әсер етпеді. барлығы сабаққа толығымен қатысып, жауап берді, өз ойларын айтты. Оқу мақсатына сай құрылған сабақ, сабақ мақсатына жетті.

 

Мектепалды даярлық топтағы сабақтастық

14.04.2022

Мектепалды даярлық топта сауат ашу сабағынан ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы “В” әрпінің айтылуы мен жазылуы. Оқу мақсатына сай сабақ жоспарланған. Тәрбиешісі Б.Аубакирова “В” әрпі қатысқан сөздермен таныстыру, суреттер арқылы дауыстап айту, ауада жазу әдістерін қолданды. Көрнекілік арқылы оқушының есте сақтау қабілеті артады, ойлау өрісін дамиды. Оқушыларды көбңрек сөйлетуге дағдыландыру керектігі ұсыныс ретінде айтылды. Келесі аптада 1-сыныпты қабылдайтын бастауыш сынып мұғалімі С.Аскарова сабақ өткізеді.

Бастауыш буындағы сабақтастық

14.04.2022

4-сыныпта математика сабағынан сабақтастыққа ашық сабақ өтті. Математика сабағына келесі жылы сабақ беретін математика пәнінің мұғалімі А.Сегизбаева қатысты. Оқушылар математика сабағында жеңілден күрделігіне қарай ес ептер шығарды. Оқушылардың есеп шығару шапшаңдығы мен тапсырманы тез орындауы байқалды. Оқу мақсатына сай әртүрлі деңгейде тапсырмалар беріліп отырды. келесі аптада пән мұғалімдері 4-сыныпта сабақ беруді жалғастырады.

 

Бастауыш буындағы сабақтастық

13.04.2022

4-сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ оқу мақсатына сай жоспарланған, әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Мектепалды даярлық тобындағы сабақтастық

12.04.2022

Мектепалды даярлық тобында математика сабағынан ашық сабақ болды. сабаққа келесі жылы 1-сыныпты қабылдайтын бастауыш сынып мұғалімі С.Аскарова қатысты. Тәрбиеленушілердің сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын байқадық, жауап беру мәнері, тәртібі де қаралды. Суреттермен жұмысты жасағанды ұнатады екен. Есте сақтау қабілетттері жақсы дамыған.

бастауыш буындағы сабақтастық

12.04.2022

Мектеп жоспарына сай бастауышта сабақтастық басталды. 4-сыныптың оқушылары орта буынға барған кездегі оқушының қабілетін, ой-өрісін, білімін, оқу-тәрбие үдерісінде алған барлық тәлім-тәрбиесін бақылау мақсатында сабақтастық ұйымдастырылды. Орта буынның пән мұғалімдері сабақтарына қатысып, талдау жасауда. Бүгін 4-сыныпта қазақ тілі сабағы өтті. сөз таптарын толығымен қайталап, сын есімнің ережесін талқылап шықты. С.Аскарова тұрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақты ұтымды өткізді. Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.