Кіші Сатпаев олимпиадасы

11.04.2022

5-6 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Кіші К.Сатпаев олимпиадасы өтті. Сатпаев олимпиадасына мектебімізден 5-сынып оқушысы Қосман Аяжан қатысып, жүлделі І орынды иеленді, 6-сынып оқушысы Зейнуллин Али қатысып, І орынды иеленді. Жетістіктері құтты болсын!

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ашық диктант

07.04.2022

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың        2020–2025 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында  және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай 2022 жылғы 07 сәуір күні мектебіміздің ұжымы мен 5-11 сынып оқушылары ашық диктант жазды. Ашық диктант өткізудің мақсаты – Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай әрбір азаматқа қазақ тіліндегі білімін тексеруге және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың мәдени мұрасы ретінде сауаттылық пен сауатты жазу мәдениетін қалыптастыру және арттыру болып табылады.

“Мың бала” республикалық олимпиадасы

05.04.2022

“Мың бала”республикалық олимпиадасына мектебімізден 5-сыныптан 3 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары оқушылардың кеңістікте ойлауы, логикалық есептер берілді. Әр балаға олимпиада тапсырмаларын орындауға 90 минут берілді. Нәтижесі 14 күн ішінде Мың бала сайтында жарияланады.

  

31.03.2022

2022 жылдың 31 наурыз күні Май ауданы, Баскөл ауылының А.Иманов атындағы жалпы білім беру лицей-мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Б.Сагындыкова “Using ICT to encrease interests of students” атты zoom платформасы арқылы вебинар ұйымдастырды.

«Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында әдістемелік шеберхана өтті

30.03.2022

Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім» жобасы аясында Менти мектептерге арналған «Олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері» тақырыбында 30 наурыз күні әдістемелік шеберхана өтті. Шеберханада бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Гульсум Садыковна «Оқушыға білімдегі олқылықтарды жоюға қалай көмектесуге болады» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

28.03.2022

Құттықтаймыз!
«Педагогикалық идеялар» қосымша білім беру педагогтерінің облыстық онлайн конкурсында Берик Кайроллинович Ескендиров «Азаматтық- патриоттық тәрбие» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Еңбегіңіз бағалана берсін!

IQanat облыстық олимпиадасына дайындық кезеңі

25.03.2022

IQanat облыстық олимпиадасының ІІ турына мектебіміздің 8-сынып оқушысы Тоқтаров Ансат өтті. 28 наурыз күні олимпиаданың ІІ турына қатысады. Сәттілік тілейміз!

Коучингтің жалғасы…

25.03.2022

А.Иманов атындағы ЖОББ мектебінің дамыту тобының жоспарына сай, мектеп басшысының «МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» курсының практикалық кезеңінен фотолар

«Мұғалімдер сабақты талдауда, бақылау парақтарын толтыруда қандай қиыншылықтарға кез болады» тақырыбында коучинг өтті.

25.03.2022

А.Иманов атындағы ЖОББ мектебінің дамыту тобының жоспарына сай, мектеп басшысының «МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» курсының практикалық кезеңі аясында мектебімізде 25 наурыз күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Кожаханова Lesson Study зерттеу сабақтарында «Мұғалімдер сабақты талдауда, бақылау парақтарын толтыруда қандай қиыншылықтарға кез болады» тақырыбында коучинг өткізді. Қазіргі заманғы педагогтің кәсіби дамуы, ең алдымен, өзінің әдістемелік жұмысын үнемі жетілдіруге негізделген тұтас кәсіби қызметті игеруге бағытталған. Осы орайда зерттеу сабақтарын талқылап алған әр мұғалім, сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетін зерттейді. Бақылаушы топ АВС деңгейіндегі оқушыларды мұқият бақылайды, жан-жақты талдау жасайды. Ш.Кожаханова Lesson Study зерттеу сабақтарында оқушыны бақылаудың бірнеше түрлерін ұсынды, талдау жұмыстарын жасады. Сабақты зерттеу оқытушыны бағалауға емес, оқушының ойлау мен оқуын зерттеуге, бақылауға  арналады.

«МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» курсының практикалық кезеңі

24.03.2022

А.Иманов атындағы ЖОББ мектебінің дамыту тобының жоспарына сай, мектеп басшысының «МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» курсының практикалық кезеңі аясында мектебімізде 24 наурыз күні инновация жөніндегі оқу ісінің орынбасары, дамыту тобының мүшесі Смагулова Гульсум Садыковна мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан-жақты зерттеу арқылы жасайтын педагогикалық тәсілді таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында «ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» тақырыбында коучинг ұйымдастырды.
Коучинг барысында мұғалімдерге зерттеу сұрағын қалай құрастыра аламыз немесе проблеманы қалай анықтаймыз деген сауалға жауап іздеп, практикалық жұмыс барысында оқушыларда кездесетін проблемаларды анықтап, бағалау, дәлелдеу, негіздеу жұмыстары жүргізілді. Қорытындылай келе, мұғалімдер сыныптағы проблеманы зерттеу сұрағына айналдыруды үйренді және алдағы уақыта зерттелетін сыныптар мен зерттеу тақырыптары анықталды.