Семей-Невада антиядролық қозғалысының жабылғанына 30жыл

24.03.2022

Семей-Невада антиядролық қозғалысының жабылғанына 30жыл толуына орай 7-8 сынып оқушыларымен Байдильлин Д.С танымдық сабағын өткізді.

Ұлттық нақышта тігілген киімдер

21.03.2022

Наурыз мейрамын тойлауда ұлттық киімдер басты назарда болады. Осы орайда мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Бибигуль Тулегеновна қыздарға ұлттық нақыштағы, этно стиль негізінде қысқы киім тігіп берді. Батырлардың да киімдері Б.Кабдуллинаның қолынан шықты. Ұлттық киімдер ерекше дизайны мен стилі жағынан өте ұтымды тігілген. Осындай әсем киімдерді тіккен Б.Кабдуллинаға алғысымыз шексіз. Еңбегіңіз бағалана берсін.

“Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы аясындағы аудандық Наурыз мейрамы.

21.03.2022

21 наурыз күні ауданымызға облыс әкімі Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы іс-сапармен келді. Ә.Сқақов Май елінің Наурыз мейрамының тойлануына куә болды. Осындай Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына біздің мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысты. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде мектеп ұжымы мен ата-аналар бірлесіп, Киіз үйдің макетін жасады, Ұлттық құндылығымыз – Киіз үйдің ерекшелігімен 6-сынып оқушысы Шеляг Екатерина мен 11-сынып Чиркова Валентина таныстырып шығып, бұйым жұртты Наурыз мейрамымен құттықтады. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын негізге ала отырып, киіз үйдің сыртына Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақ, аң стилі, аттардың шабысы мен құстардың самғауын бейнеледік. Ал, киіз үйдің іші ұлттық дәстүрге сай жинақталды.  Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз. Осының барлығын ата – бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, болашақ ұрпағына аманат еткен. Наурыз мейрамы құтты болсын!

20.03.2022

Құттықтаймыз!

Облыстық «Әбіш оқулары» байқауының «Иллюстрациялық сурет» бағытында 9 сынып оқушысы Хамитова Раушан жүлдегер атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Г. Ж. Балкеноваға алғысымызды білдіреміз.

Оқушылардың облыстық мұражайларға барған саяхаты

19.03.2022

Оқушылардың рухани білімдерін толықтыру мақсатында мектебіміздің ұстаздары Б.Ескендиров пен Д.Байдильдин 19 наурыз күні оқушыларды облыс орталығындағы мұражайларға саяхатқа апарды. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына барып, көптеген мәліметтер алды. Музей экспозициясы 7 (жеті) залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы. Қазіргі кезде музейде 49 мыңнан астам экспонат бар. Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Облыстық ақын-жазушылардың, өнер майталмандарының жеке заттары, жәдігерлері мен қолжазбалары, өздері жасаған заттары музейдің баға жетпес құнды қазыналары болып табылады. Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, археологиялық жәдігерлерді көріп, оқушыларымыз таңқалды. Музей жинақтарының негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, фотосуреттік, құжаттық, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару-жарақтар топтамалары құрайды. «Ertis» мультимедиалық музейіне  де барды. Музей әлемнің ірі тарихи-жаратылыстану музейлерінің үлгісімен құрылған. Онда геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасынан, Ертіс-Баян өңірінің палеозой заманынан бастап казіргі кезеңге дейінгі тарихын қамтиды. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының директоры Ербол Қайыров мырзаға, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Г. Алиева ханымға, «Ertis» мультимедиалық музейінің басшысы А.Алиакпаров мырзаға алғысымызды білдіреміз.

         

Қыздар арасындаға футбол жарысы

18.03.2022

2009-2010 жылдары туылған қыздар арасында Ақсу командасымен футболдан жарыс ұйымдастырылды. Сол жарыста біздің мектептің футболшы қыздары өте жақсы ойын көрсетті. Ойын барысында ерекше қабілетімен көзге түскен 7-сынып оқушысы Макишева Нұрдина Республикалық жарысқа қатысуға жолдама алды. Жаттықтырушысы Б.Ескендиров.

КАНИКУЛ КЕЗІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ

18.03.2022

1-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер әр тоқсан соңында өрт қауіпсіздігі мен оқушының өмір қауіпсіздігіне сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарының мақсаты – балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.  Өрт кезіндегі іс-әрекет тәртібі оның шығу себептері туралы түсініктемелер жүргізді. Каникул кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға каникул кезіндегі қауіпсіздікке қол қойылды.  Каникул кезіндегі жолда жүру ережесін сақтауды қатаң ескертті.

Нұр-Сұлтан қаласында «Бастауыш мектеп —білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті

17.03.2022

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Бастауыш мектеп —білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті. Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен өткен съезге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов, еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен бастауыш сынып мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен біліктілікті арттыру институттарының мамандары, сонымен қатар, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Смагулова Гульсум Садыковна қатысты.

Съезде бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту, бастауыш тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Жиын соңында министр Асхат Аймағанбетов съезде көтерілгер мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізетінін мәлімдеді.

Тоқсандық бақылау жұмыстары

17.03.2022

Әр тоқсан соңында оқушылардың білімін саралауда – бақылау жұмыстары алынады.

PISA 2022

16.03.2022

15 жастағы мектеп оқушылары PISA 2022 халықаралық сынақ тапсырудан алдын ала дайындық тесттерінен өтуде. сынақ тапсыру мерзмі 04 сәуір-24 мамыр аралығында