Алғашқы қоңырау

02.09.2017

Күрделі жөндеуден өткен Аманкелді Иманов атындағы орта мектепте білім күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімі А.А.Қаңтарбаев, аудан әкімінің орынбасары М.К.Құсайынова, ауыл әкімі Б.У.Каримов, сонымен қатар ардагер ұстаздарымыз қатысты. Білім күніндегі салтанатты мерекеде Әнұран орындалғаннан соң, аудан әкімі жиынды ашып берді. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектепте білім алушылар мен мұғалімдерге толағай табыстар тіледі.

Білім ордасында 2016-2017 оқу жылында 129 оқушы білім алса, биылғы жаңа оқу жылында 123 шәкірт ұстаздардан сабақ алмақшы. Олардың қатарында мектеп табалдырығын енді аттаған 11 бүлдіршін бар. Бүлдіршіндерді білім әлеміне тәжірибелі мұғалім Г.Темиржанова алып шықты. Салтанатты жиын 1 қыркүйек – «Білім күніне» арналған бірыңғай білім сабақтарына ұласты.

      


      (толығырақ…)

Өнегелі іс – ұрпаққа үлгі

01.09.2017

Жазғы демалыс уақытында мектебімізге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, шатырдың жұмсақ жабындысы, терезелер, едендер мен кіре беріс есігі ауыстырылып, сырт келбеті заман талабына сай қапталды. Мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің күшін біріктіріп, ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында бүгінгі күні мектепте 4 800,0 мың теңге көлемінде қосымша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Бешитов Асылхан 15000 теңгеге спорттық доптар, жеке кәсіпкер Жунусов Сулеймен 60000 теңгеге мерекелік безендіру жұмыстарын жүргізсе, «Шебер-Аксу» ЖШС директоры Жапаров Кенже 50000 теңгеге мектеп жиһаздарын жасап берді. Жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы негізінде атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, жүзеге асырылуда. Осы тұста ЖК «Салахатдинова» аянып қалмады. Жалпы соммасы 436000 теңгеге оқушыларға киім мен аяқ киімдер, мектепке қажетті тауарлар әкеп берді.

Акцияға белсене қатысып, қолдау білдірген жомарт жандарға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз. Отбасыларыңызға береке, бейбіт аспан аясындағы жасаған жақсылықтары, адамгершіліктері баянды болсын деген  тілектеміз.

Объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся

21.08.2017

Объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся

Конкурс қорытындылары туралы хаттама

19.08.2017

Конкурс қорытындылары туралы хаттама

ЖАЗ. ДЕМАЛЫС. EХPO

06.08.2017

Жазғы демалыс мен үшін өте ерекше өтті, өйткені менің арманым орындалды. Ал енді, ол қандай арман дейсіздер ме? Әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалау. Бұл көрме мемлекетіміз үшін үлкен абырой деп санаймын. Көрме туралы әр жаңалық жарыса айтып жатыр. Бізде сол көрмені көру үшін Астанаға бардық. Елорданың әсем ғимараттары көздің жауын алады. ЭКСПО көрмесін бірден «Нұр Әлем» сферасынан бастадық, ол сегіз қабаттан тұрады екен. Әр қабат «жел энергиясы», «биомасса энергиясы», «кинетикалық энергия» көрмелерін тамашаладық. Әсіресе, 8 қабаттағы шыны көпір өте ерекше ұнады. Адам бойындағы қорқыныш сезімді жеңе білуге көмектеседі.

Мен үшін өз еліміздің павильонында қызықтар өте көп болды. Шетелдік қонақтарға бірінші бөлігінде қазақтың қонақжайлығын, салт-дәстүрін тамашалауға арналса, екінші бөлігі энергия салаларымен таныстырады. Мен көрмеден қуатты желден, күннен, судан алуға болатындығын білдім.

Көрмеде көптеген шет елдердің павильондарында салт-дәстүр, тұрмыс- тіршілігі, ұлттық киімдері  және қуат көздерін қалай алатындығымен таныстырды.

ЭКСПО көрмесі маған көп қуаныш сыйлады.Ұмытылмас жазғы демалыс болды.

Р.S.: мақала авторы Мухамедиярова Дильназ, 6-сынып

Объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся

01.08.2017

Объявляет о проведении конкурса по организации питания обучающихся

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

25.05.2017

Бүгін барлық мектеп оқушылары асыға күткен ерекше күн. 25 мамыр күні мектептерде соңғы қоңырау соғылып, оқушылар сыныптан сыныпқа көшсе, мектеп түлектері алтын ұясымен біржола қош айтысады. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Адамжанова, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Е.Арғынтаев, түлектер мен ата-аналар қатысты. Жиын барысында мектебімізді үздік бітіріп отырған 22 оқушы сап түзеп, шеруде жүріп өтті. «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімінің алғыс хатымен дене шынықтыру мұғалімі Б.Ескендиров, білім басқармасының алғыс хатымен тәрбиеші А.Бекенова, білім бөлімінің алғыс хатымен мұғалімдер Г.Балкенова мен М.Хайруллина марапатталды. Сонымен қатар 2016-2017 оқу жылының рейтингтік көрсеткіші бойынша 13 оқушы жоғарғы интеллектуалдық қабілеті үшін, 17 оқушы үздік спорттық көрсеткіші үшін, 6 оқушы қоғамдық белсенділігі үшін мадақтамамен марапатталды.

Р.S.: Суретте үздік оқушылар мектеп директоры Г.Ахметовамен бірге.

Гала концерт болып өтті

23.05.2017

23 мамыр күні Павлодар қаласында облыстық «Бүлдіршін» фестивалінің гала концерті болып өтті. Концертке даярлық топ тәрбиеленушісі Амина Жансаринова қатысып, «Аналардың тілегі» әнін орындады. Ұйымдастырушылардың атынан мектеп директоры Г.Ахметова мен топ тәрбиешісі А.Бекеноваға марапаттау табысталды.

Алғашқы сынақ

22.05.2017

Бүгін мектепалды даярлық сынып оқушыларының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында, сонымен қатар болашақ 1-сынып оқушыларының даму динамикасын анықтау үшін қабылдау күні өткізілді. Тәрбиеленушілердің математикалық, тіл дамыту, ой қозғау деңгейлері тексерілді. Жылдағы дәстүр бойынша тексерісті 2017-2018 оқу жылында 1-сыныпты алатын ұстаз Гульнар Райханқызы жүргізді. Тәжірибелі ұстаз жақын арада ғана білім мазмұнын жаңарту курсынан өткен болатын.

Р.S.: фото интернеттен алынды. Мәтінге қатысы жоқ.

Жұлдызың жансын, Әмина!

16.05.2017

Облыс орталығы Павлодар қаласында өткен «Бүлдіршін» фестиваліне мектепалды даярлық топ тәрбиеленушісі Әмина Жансаринова қатысып, лауреат атанды. Топ жетекшісі Асемгуль Космановна. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған іс-шарағы облысымыздың ең талантты деген балалары қатысқан. Бұл сыннан сүріңбей өткен бүлдіршіндер мамыр айының 23 күні болатын гала концертте өнер көрсететін болады. Әминаның өнерін сол концертте тамашалай аласыздар.

26-ші парақ. Барлығы 46« Бірінші...1020...2425262728...40...Соңғы»