Ата-аналардың республикалық жиналысы өтті

12.05.2017

12 мамырда мектепте республикалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша ата-аналарға түсінік беру. Күн тәртібінде төмендегідей сұрақтарға тоқталды:

1.Мектепте қамқоршылық кеңесінің рөлі.

2. Қайырымдылық пен демеушілік көмек туралы.

3. ҰБТ-ның жаңа форматы.

4. Әртүрлі сұрақтар («ЭКСПО-2017», «Бала дауысы», «Жарақаттанудың алдын алу» мәселелері т.б.).

Жиналыс барысында мектеп директоры  Г.М.Ахметова мектепте қамқоршылық кеңесінің рөлі – қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес,  қоғамдық ұйым екендігін айтты.

Мектеп түлектерінің болашаққа қадам басуына негіз болатын ҰБТ-дің жаңа форматы бес пәннен тұрады. Үш міндетті пән және мамандыққа байланысты таңдаған екі бейндікке пән бойынша өтетіндігін мәлімдеді.

«Бала тағдыры – ертеңгі ұлт тағдыры» демекші жиналысқа қатсықан ата-аналар балаларының болашағынан зор үміт күтіп, сенім артатындықтарын көрсетті.

Олай болса, өскелең жас ұрпақты болшақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, оқытушының, тәрбиешінің, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Бұл жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақты жүгін қайыспай, жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатыны сияқты отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі көрсететін болады.

 

Р.S.: фото интернеттен алынды.

Ырыстың мерейі – бірлікте!

28.04.2017

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.  «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін 1 мамыр мерекесінің орны ерекше. Жыл сайын атаулы мереке қарсаңында мектебімізде достық фестивалі өткізіліп келеді. Мерекелік фестивалде сыныптар таңдап алынған ұлттардың ас мәзірін, салт-дәстүрі мен өнерін көрсетіп, белсенділік танытты. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Мереке құтты болсын!

Махамбет оқулары өтті

26.04.2017

25 cәуір күні мектепте аудандық «Махамбет оқулары» байқауы өткізілді. Байқау 3 бағытта өтті: «Ел құтқарар ер едім…» (Махамбет өлеңдерін жатқа оқу), «Тартынбай сөйлер асылман…» (жас дарындардың шығармалары) және «Ұлы арман» (Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы). Әр бағыт бойынша аудан мектептерінің ең үздік оқушылары қатысып, конкурсты нағыз жыр мүшәйрасына айналдырды. Мектеп намысын қорғаған 8-сынып оқушысы Валиев Кенесары ақын өлеңдерін жатқа оқып, жүлделі ІІ орынды иеленді (жетекшісі М.Хайруллина). Конкурс барысында қонақтардың назарына мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ізденімпаз педагог

13.04.2017

2017 жылғы 12 сәуірде Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік педкеңес бағдарламасы» облыстық конкурсы өтті, оған 20 облыстық жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептері директорларының орынбасарлары қатысты. Олардың қатарында А.Иманов атындағы ЖОББЛМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Руслан Ерікұлы Еңсебаевта бар. Конкурстық материалдар презентацияларының қорытындысы  бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Руслан Ерікұлы «Тиімді сұрақтар қою және рефлексия – оқыту мен оқуды алға жылжытудың негізгі факторы» тақырыбындағы педагогикалық кеңес бағдарламасын қорғап, «Педагогикалық ізденіс» номинациясымен марапатталды. 

Тоқтар, Талғат, Айдын – ғарыштың үш алыбы

12.04.2017

Қазақтың маңдайына біткен үш би, үш алып, үш санына байланысты алаш жұртына мәшһүр есімдердің қатарына әбден ылайық үш есімнің қосылуы ұлықталды.   Олар ғарыш кеңістігіне түрен салған үш батыр Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтерді құрметіне Май ауданының Баскөл халқы шахматтан аймақтық сайыс ұйымдастырды.

Аймақтың кілең ойшыл ойыншылары бас қосқан доданың ашылу салтанатында сөз алған, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Байғалиев айтулы шараның мән-мағынасына шолу жасап,  салауатты өмір салтын ұстану, озық отыз елдің қатарынан көруніге апарар сара жолдардың бірі деді.

Павлодар қаласынан келген жерлес ақын, ұстаз, Баскөл ауылының шахмат мектебінің іргесін қалаушы Ғ. Сапаров өзінің  арнауын оқыды.

Павлодар өңірінен қатысқан 38 ойшыл ойыншы 4 топқа бөлініп, өз ара жеңімпазды анықтады.  Сайыс жеңімпазы Ертіс ауданының намысын қорғаған Кәменов Оразбай, екінші, үшінші орындарды Көктөбелік Әмерханов Қадыр мен Мұхтаров Серік өз ара бөлісті.  Әр топтан шыққан екі үздік ойыншыны қосқанда 8 –ші орын алған жүлде ұсынылды.

Ақсу ауданына қарасты Мәмәйіт, Құркөл ауылдары мен Баскөл мектебінің оқушылары да ересектермен тәжрибе алмасып, тең дәрежеде өнер көрсетті. Ұл балалар мен қыздар рейтінгі көрсеткіштері бойынша марапатталды.   Асханада орталықтандырылған түскілік ұйымдастырылып, оқушыларға ыстық тамақ демеушік есебінен ұсынылды.

Шахмат құдіреті шексіз.  Мемлекеттің қолдауымен бүгінгі күні  барлық мектеп қабырғасында шахмат сыныбының ашылуы, спорттың бұл түрін дамытуға арналған түрен   екені белгілі. Баскөл ауылында да бұл үрдіс қолға алынуда, келешекте шахмат бұрышын ашуға талпыныс бар.  Мәрттік танытқан демеушілер есебіне екі жаңа шахмат тақтасы алынды. Алдағы уақытта ауылдың абзал азаматтар қол үшін беріп, бұл үрдіс жалғасын табарына сенімдеміз.

Бүгінгі айшықты спорт мерекесі Елбасының салауатты өмір салтын ұстану барысын барынша кеңейтіп, насихаттау идеясын іс жүзінде іске асыру және қазақ елін Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан ел ретінде біліп келген жаһан халқына, туған топырақ иелері қазақ баласы да жердің тартылыс күшін бағындырып, көқ аспанға қанат қағып, тылсым ғарыштың салмақсыздық кеңістігінде көқ байрағымызды желбіретіп еркін самғауы кеудемізге қуаныш, жанарымызға жас үйірді, ел намысын асқақтаған ерлерімізді ардақтау біздің ортақ парызымыз.

Сайыс демеушілері «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Байғалиев, облыстық мәслихат депутаты Қ. Түсіпбекова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Г. Өзіханова, кәсіпкер Ж. Нұров мырзаға, тамаша шахмат мейрамын сыйлағаны үшін ойыншылар мен ұйымдастыру тобы шексіз алғысын білдіреді.

Ерболат Арғынтаев

Баскөл ауылы, Май ауданы, Павлодар облысы

 

Үш батыр

(Қазақтан шыққан тұнғыш ғарышкерлер Тоқтар  Әубәкіров,

Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовке арналады)

Әкет әрман аулаққа,

Сары уайым, қайғынды!

Алып берген Қазаққа,

Алыстағы Ай-Күнді!

Жақындатқан Алашқа,

Мамаырлаған май- күнді.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай айбынды.

Мен жырлайын жалықпай,

Тоқтар, Талғат, Айдынды!

 

Үш батыры Алаштың,

Тылсымменнен тілдесіп,

Беймәліммен үндесіп,

Тұнғиықты бір кешіп,

Жұлдыздармен жанасты.

Жерде жұрты жамырап,

Көкте Құдай қарасты.

Кеудлерде жұлдыздар,

Сом тұлғаға жарасты!

Айтып-айтпай не керек,

Қазақ дейтін халықтың,

Басқалардан бағы асты!

 

Ғабит Сапаров

Адамзаттың ғарышты игергеніне 56 жыл

11.04.2017

12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай «Адамзаттың ғарышты игергеніне 56 жыл» атты танымдық сабақ болып өтті. Сабақты жүргізген физика пәнінің мұғалімі Руслан Ерікұлы Еңсебаев. 1-6 сыныптарға арналған сабақтарда оқушылар ғарыш әлемімен танысып, сұрақтарға жауап берді, ғарышкерлердің орбитадағы тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, ракета жасау сайысына белсенді қатысқан оқушыларға арнайы естелік сыйлықтар берілді. Ракета жасау сайысында ІІІ орын алған Совет Амина (3 сынып) және Ризабек Әділжан (3 сынып), ІІ орын алған Қадыр Айым (5 сынып), І орын алған Мустафин Арыслан (4 сынып) арнайы дипломдармен марапатталды.

«Сөзмерген» сайысы

27.03.2017

Көктемгі демалыс кезінде оқушыларды еңбекпен қамту бойынша тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Балкенова 27 наурыз күні 5-7 сыныптар аралығында сөз құдыретін оқушы бойына сіңіру мақсатында «Сөзмерген» көңілді танымдық сайысын  өткізді. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Әр кезең оқушылардың қызығушылығын арттыруға және әрі қарай білмекке талпынуға арналған тапсырмалар берілді.Сайыс қорытындысы бойынша «Талапкер» тобы жеңіске жетіп, «Сөзмерген» аталымына ие болды. Сайыс өте тартысты да тартымды өтті.

«Ұлағатты ұстаз»

27.03.2017

 

Талай күндер төккен тер мен өткен күн,

Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.

Талай жылдар тағылымы толысып,

Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн, – демекші Аманкелді Иманов атындағы лицей- мектебінің ұжымы құрметті ұстаз Абдугаликова Қарлығаш Мақсұтқызың  зейнеткерлік  жасқа толу мерейтойымен құттықтады.  Туған күн иесіне  кеш ұйымдастырылып, құттықтау сөздерімен  гүл шоқтары  табыс  етілді. Әр бірлестік  тарапынан  жылы лебіздер мен әндер шырқалды.

«Қош келдің, Наурыз»

17.03.2017

Наурыз – «Жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.

17 наурызда 5-11 сынып аралығында І бөлімде «Қош келдің, Наурыз» атты наурыз мейрамы аталып өтті. Мектеп директоры Г.Ахметованың құттықтау сөзімен басталып, Қыдыр атамыз бен Ұмай анамызда Наурыз мейрамында , халқына игі тілектерін тілеп, Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын деген ниетпен шашу шашылды.

Ата салтын бабамның, алып келді Ұлыс күн! демекші әр сынып  қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін:  «Саумалық»,«Ұйқы ашар» немесе «Селтеткізер»,  «Жаушы жіберу», «Қоржын той» ,«Құйрық бауыр», «Бесікке салу»,  «Көгентүп»  сияқты дәстүрлерді көрсетіп, насихаттады.

ІІ бөлімде «Қош келдің, Наурыз!» эстафеталық ойын ұйымдастырылды. Ойынға екі команда қатысты. Бірі мұғалімдер командасы, екіншісі оқушылар құрама командасы. Бағдарламада: Сәлемдесу, «Бұғалық тастау», «Теңге алу», «Асық ату», «Арқан тарту», «Жамбы ату», «Қыз қуу»,  «Найза ату» ұлттық ойындар болды.

Әр команда өз белсенділіктерін танытып, ойын өте тартымды, әрі қызықты болды. Салауатты өмір салтын ұстау қағаидасын және ұлттық ойын әрекетін жаңғырту.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным  ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.  Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды.

«Әжелер – көңілдің ажары, Немере – көңілдің базары » атты әжелер сайысы

16.03.2017

16 наурыз күні ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық құндылықтарын насихаттау және әжелердің өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында  «Әжелер – көңілдің ажары, Немере – көңілдің базары »   атты әжелер сайысы өтті. Сайысқа бастауыш сынып оқушылары мен ақ жаулықты аналар қатысып,  өз өнерлерін көрсетті. Әжелеріміздің барлығы ұл – қыз өсіріп, немере сүйіп, өз отбасыларының ұйытқысы болып отырған жандар. Әжелердің өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап отырды. Байқау шарты бойынша әжелер 5 кезең бойынша сынға түсті.. Алдымен әжелер барша қауымға өздерін таныстырудан бастады.  Ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлерді білуден сынға түсіп ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді жастарға насихаттады. Сондай-ақ байқауда әжелеріміз ән айтып,  би билеумен қатар  өздерінің бір киер сәнді киімдерін киіп шығып,  жұртшылықты таң қалдырды. Байқау соңында әжелеріміз түрлі номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.
Аға тәлімгер: А.Бекенова

27-ші парақ. Барлығы 46« Бірінші...1020...2526272829...40...Соңғы»