“Зат есімніңі септелуі” тақырыбында ашық сабақ өткізілді
2022 жылдың 24 қаңтарында бастауыш сынып мұғалімі С.М.Асқарова 4-сыныппен қазақ тілі пәнінен “Зат есімніңі септелуі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2022 жылдың 24 қаңтарында бастауыш сынып мұғалімі С.М.Асқарова 4-сыныппен қазақ тілі пәнінен “Зат есімніңі септелуі” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
2022 жылдың 24 қаңтарында мектебімізде “Бәрін білгім келеді” атты бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықты мектеп директоры Г.М.Ахметова құттықтау сөзімен ашты. Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі А.Т.Аушайхова бастауыш сынып апталығының жоспарымен таныстырып, балаларға сәттілік тіледі.
Шаңырақ” жобасы аясында “Бауырсақтың түрлерін білеміз бе!” атты мектеп қыз балаларына арналған шеберлік сағатына 9 сынып оқушысы Каиргельдинова Назерке қатысты.
“Шаңырақ” жобасы аясында “Бауырсақтың түрлерін білеміз бе?” атты мектеп қыз балаларына арналған шеберлік сағатына 8 сынып оқушысы Совет Әмина қатысты.
Қамшы өру мастер классқа 9-10 сынып оқушылары қатысуда.Жетекшісі еңбек пәнінің мұғалімі Рустемханов М.А
“ЭКОboom” облыстық жобасы “Құстарға арналған кафе” акциясына 1-11 сынып оқушылары қатысуда. Жетекшісі еңбек пәнінің мұғалімі Рустемханов М.А
LESSON STUDY-дің отырысы өтті. Мектеп директоры Г.Ахметова мұғалімдерді LS-дің жұмысымен, реттілігімен, нұсқаулығымен таныстырды. LS зерттеу сабақтары бойынша сыныптар мен бақылауға алынатын оқушылар белгіленді. Сабақ беретін мұғалңмдер мен бақылаушыларды реттеп алдық. Келесі отырыстарда талдау жұмыстары жүргізіледі.
Облыстық”Аққу” жобасын іске асыру шеңберінде “Сән мен имидж” байқауына “Үздік эко-койлек” номинациясы бойынша 8 сынып окушы Совет Әмина қатысты. Оқушымыз аудандық іріктеуден 1орынға ие болып, облысқа жолдама алды. СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!!!
Кітап оқудың пайдасы туралы мектеп кітапханашысы Самал Мандаева оқушыларға кеңестер айтып өтті.
Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес шығар.Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, студенттерге, жасөспірімдерге кітап оқуға толық мүмкіншілігі бар.
Яғни электронды кітапхананы айта аламыз. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін, аудио, видео,ғаламтор секілді жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Меніңше бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Кітап оқу –миға жасалған жаттығу. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап.