“Көркемдік – эстетикалық пәндер бірлестігі” апталығының ашылуы
Бүгін 24 сәуір күні мектебімізде көркемдік – эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының ашылуы өтті
Бүгін 24 сәуір күні мектебімізде көркемдік – эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының ашылуы өтті
Облыстық “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубтарының аудандық слеті өтті.
Слет мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жоғары рухани, жауапты, бастамашыл, әлеуметтік-құзыретті азаматты қалыптастыру. Слетке мектебіміздің “Таза жүрек” үгіт бригадасының еріктілері “Жемқорлықсыз өмір-Адал өмір” тақырыбында 2 бағыт бойынша сынға түсіп, ІІІ жүлделі орын алды. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Жетекшісі: аға тәлімгер Г.Балкенова
“Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының “Таза жүрек” еріктілері мектеп оқушыларына “Сыбайлас жемқорлық” тақырыбында презентациялық таныстырылым ұйымдастырып өткізді.
«Qamqor» әлеуметтік еріктілері 5-9 сынып оқушыларына «Еңбек және экология ел амандығы» тақырыбында презентациялық таныстырылым ұйымдастырды. Облыстық “Жақсылық қадамдары” жобасы аясында еріктілер экология, экологиялық табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың туындауы мен алдын алуы бойынша мектеп оқушыларына ақпараттармен бөлісіп, таныстырып отырады.
10 -14 сәуір аралығында 1-4 сынып оқушыларымен «Ғарыш балалар көзімен» атты сурет байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша үздік суреттер марапатталды. Белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдіреміз.
12 – сәуір Ғарышкерлер күніне орай мектепте “Ғарыш келешектің кемел жолы” атты сурет көрмесі мен макеттер көрмесі ұйымдастырылды. Жетекші: Балкенова Г. Ж
Кабдуллина Б. Т
Рустемханов М. А
“Гүл отырғызу” сабағы 9 сынып Экология фракциясы / биология пәні мұғалімі А.Досымханова оқушыларға гүлдерді баптап, күтім жасау жолдарын тәжірибе барысында таныстырып өтті.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Челлендждің міндеттері:
– оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
– балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.
#челленджшахмат
6 сынып оқушыларымен
“Ертегілер еліне саяхат” атты квест ойын өткізілді. Оқушылар 7 аялдамадан өтіп, түрлі тапсырмалар орындады. Жауапты: Я. Н. Жагипарова
Бүгін А.Иманов атындағы мектебінде қамқоршылық кенесінің төрайымы Ж.Байдильдина, мектеп директоры Г.Ахметова және мектепке бекітілген медбибі Г. Меденова мектептің асханасын,оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын қадағалап тексерді.
Тексерудің мақсаты- күнделікті әзірленетін тағамның сапасы, мәзірге сәйкес келуі және шығу нормаларының сақталуы.
Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы барлық санитарлық нормаларға сай жүргізіліп жатқаны байқалады. Кемшіліктер болмады. Оқушылардың тамақтану кезіндегі тәртібі мен асхананың жұмысына оң баға берілді