“Жаңа жыл отбасылық мереке” онлайн фотоколлажы

02.01.2022

“Жаңа жыл отбасылық мереке” онлайн фотоколлажы
2 сынып оқушысы Балтабек Әлисұлтан және шағын орталық тәрбиеленушісі Балтабек Айғаным

“Жаңа жыл отбасылық мереке” онлайн фотоколлажы

02.01.2022

“Жаңа жыл отбасылық мереке” онлайн фотоколлажы
2 сынып оқушысы Айтмагамбетов Алимхан және 8 сынып оқушысы Айтмагамбетова Ақмерей

Қысқы демалыс

31.12.2021

Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында , қысқы демалыс кезіндегі жоспарына сәйкес
Жаңа жылдық шеберхана: шыршыға арналған ойыншықтар және ашық хаттар дайындау іс-шараға мектеп оқушылары белсенді қатысуда.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

31.12.2021

1-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер әр тоқсан соңында өрт қауіпсіздігі мен оқушының өмір қауіпсіздігіне сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарының мақсаты – балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.  Өрт кезіндегі іс-әрекет тәртібі оның шығу себептері туралы түсініктемелер жүргізді. Каникул кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға каникул кезіндегі қауіпсіздікке қол қойылды.  Каникул кезіндегі жолда жүру ережесін сақтауды қатаң ескертті.

«Төрлет Жаңа жыл»

29.12.2021

29 желтоқсан күні А.Иманов атындағы ЖОББЛ мектебінде «Төрлет Жаңа жыл» атты мерекелік шаралар өткізілді. Әр сынып жетекшісі жеке-жеке кабинеттерде сынып сағаттарын өткізіп, оқушылар Аяз атадан сыйлықтарын алды.
Санитарлық эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектептің акт залында мектебіміздің «Шабыт» театр үйірмесінің дайындаған Жаңа жылдық театрландырылған көрінісі бастауыш буын және жоғары буын оқушыларына бөлініп көрсетілді.

11-сынып оқушыларына ҰБТ туралы мәліметтер. ҰБТ-2022

29.12.2021

11-сынып оқушылары үшін Ұлттық тестілеу орталығы өз жұмысын бастады. 10 қаңтар-10 ақпан аралығында 11-сынып оқушылары ҰБТ тапсырып, білімдерін сынға салады. Өтініштерді ҰТО сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимде беру жүзеге асырылады. Барлық мәліметтер өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді. Тест тапсыру барысындағы барлық жағдайлармен оқушылар таныстырылды. АТО-да тестіленушілер бір-бірден жіберіледі, жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы (Face ID) сәйкестендіріліп кіргізіледі, жеке басын куәландыратын құжат негізінде сәйкестендіріліп кіргізіледі. Өзімен бірге болуы тиіс: жеке басын куәландыратын құжат,  16 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тестіленушілер білім беру ұйымының бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған білім беру ұйымынан анықтама және туу туралы куәлік болуы тиіс.

Тестілеу барысында өз орнына “бөтен тұлғаны” кіргізуге талпынған түсушілерге ағымдағы жылғы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді. Металл іздегішпен тексеру аймағында тыйым салынған заттар табылған жағдайда акт жасалады және түсуші тестілеуге жіберілмейді.

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ ҚАТАҢ САҚТАУ КЕРЕК.

Май ауданының әкімі А. Әміриннің дарынды оқушылармен кездесуі

23.12.2021

23 желтоқсан күні Май ауданының әкімі А. Әміриннің дарынды оқушылармен кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімінің кездесуіне біздің мектептің дарынды оқушылары, облыстық сайыстардың жүлдегерлері қатысты. Облыстық  ғылыми жобалар сайысында ІІІ орын,  «Жас экорепортер» сайысында ІІ орын, «Мағжан оқулары» мәнерлеп оқу сайысында ІІІ орын алған 9-сынып оқушысы Каиргельдинова Назерке; «Жас экорепортер» сайысында «Біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» атты тақырыпта өзекті мәселені көтеріп ІІ орынға ие болған 10-сынып оқушысы Мухамедиярова Дильназ қатысты. Аудан әкімі А.Әміринмен жарқын кездесу болды. Оқушыларымыз жеткен жетістіктерін айтып, ой бөлісті.   Аудан әкімі А.Әміриннің дарынды оқушылармен кездесіп, тілдесуі оқушыларға үлкен әсер қалдырды.

” Адал friends” облыстық жобасы

22.12.2021

” Адал friends” облыстық жобасы аясында Аға талімгер мен еріктілер тобы үйінде білім алатын оқушымен кездесуге барды. Еріктілер тобы үйде білім алып жатқан 2 сынып оқушысы Шиаудан Нұржанмен бірге “Қөңілді аққала” мозайкасын қағаздан
құрастырды.
Балалар ерекше әсер алып, көңіл күйлері көтеріңкі болды.
#адалfriends2021 #адалfriends2020#2

1-сынып оқушыларының бейімделуін бақылау.

21.12.2021

Мектеп жоспарына сай 1-сынып оқушыларының бейімделуін бақылау барысында Әліппе мен Математика сабақтарына қатысу жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар әріптерді танып, буындап, дауыстап оқуды жақсы меңгерген екен. Тіпті оқулықтағы мәтіндерді оқып, оның мазмұнын талқылап шықты. Математика сабағында оқушылар әр түрлі деңгейде есептер шығарып, логикалық ойлауға берілген есептерді қиналмай шығаруға әбден дағдыланған. Әр сабақта оқушының қызығушылығын арттыру үшін ойындар қолданды, түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланды. Пән мұғалімі Г.Темиржанова.

“Жас ұлан” балаларының рапорт тапсыру жиыны

17.12.2021

“Тәуелсіздік-тірегім” атты тәуелсіздік күніне орай Республикалық “Жас ұлан” балаларының рапорт тапсыру жиыны.