ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ: Патриоттық ән байқауы

26.11.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында «Жасұлан» оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен  «Әнім саған арналады – Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға  «Бүлдіршіндер»  номинациясы бойынша мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сыныптан 5 оқушылары, «Жасөспірім» номинациясы бойынша 5-9 сыныптардан 7 оқушы қатысып, елге, жерге, Отанға арналған таңдаулы әндерді орындап, көрермендерге ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаздар анықталып, мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Бүлдіршін» номинациясы бойынша:  Жансаринова Амина І орын, Арыстан Ларкиян ІІ орын. «Жасөспірім» номинациясы бойынша: Сагынтаева Арайлым мен Мухамедиярова Дильназ дуеті І орын, Қадыр Асанәлі ІІІ орынға ие болды.      

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ: Мәнерлеп оқу сайысы

25.11.2016

25 жұлдызды күн шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, Отанға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру  мақсатында «Тәуелсіздік жырлайды» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 5-11 сынып оқушылары қатысып, ақын-жазушыларымыздың шығармаларын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып, Отанға деген ұлтжандылық сезімдерін ұштай түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша ІІІ орынды 5-сынып оқушысы Мухамедиярова Дильназ бен 9-сынып оқушысы Дубекова Ырысты, ІІ орынды 5-сынып оқушысы Сағынтаева Арайлым,  І орынды 8-сынып оқушысы Чиркова Альбина иеленді. Сайыс жеңімпаздарына мақтау қағазы мен  сыйлықтар табысталды.        

Мектепішілік пән олимпиадасы мәреге жетті

24.11.2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 23-24 қараша күндері мектепте пән олимпиадасы болып өтті. Пән олимпиадасына 5-11 сыныптардан барлығы 43 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі І орын,  10 оқушы ІІ орын және 8 оқушы ІІІ орынды иеленді. Олимпиаданың аудандық кезеңіне І орын алған, 9-11 сынып оқушылары жіберілді. Олар: Сейсенбаев Ардақ (10-сынып, география), Қайыркелді Ерасыл (9-сынып, физика), Сарсенбаева Аружан (9-сынып, қазақ тілі), Қайыркен Темірлан (9-сынып, орыс тілі), Қаратаев Рахат (10-сынып, орыс тілі), Қайдаров Жаңбырбай (11-сынып, Қазақстан тарихы). Сонымен қатар, бастауыш 2-4 сыныптар арасында кешенді олимпиада 3 пәннен (математика, қазақ тілі, дүниетану) түрінде болды. 

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ: «Достық және татулық» сабағы

23.11.2016

25 жұлдызды күн шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған «Достық және татулық» бірыңғай сабағы өткізілді. Сабақтардың негізгі мақсаты достық пен татулықты, ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, толеранттылыққа тәрбиелеу. Бастауыш сыныптар арасында топтық жұмыс, 5-6 сыныптарда «Ручиок» славян орталығының мүшелерімен кездесу болып өтті. Оқушылардың әдеби монтаждары тыңдалып, сұрақ-жауап төңірегінде пікір алмасты. «Ручиок» славян орталығы 2015 жылдың 20 мамырында құрылып, аудан көлемінде түрлі сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Сабақ барысында этносаралық қатынастардың тұрақтылығы, көп ұлтты мемлекет бір шаңырақ астында тату-тәтті, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз жайлы айтылды. 


%d0%b4%d0%be%d1%81%d1%82%d1%8b%d2%9b4

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ: «Алға Қазақстан» флэшмобы

22.11.2016

      25 жұлдызды күн шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған «Алға Қазақстан» флэшмобы ұйымдастырылды. Оқушылар өз елінің патриоты, еркіндікті, бірлікті, татулықты қолдайтын азаматтар екендігін көрсетті.

%d1%84%d0%bb%d1%8d%d1%88%d0%bc%d0%be%d0%b12

Әрқашан күн сөнбесін…

17.11.2016

        Республикалық акция аясында А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектепте 2-5 сыныптар аралығында «Әрқашан күн сөнбесін» сурет байқауы  өткізілді., жалпы сайысқа 18 оқушы қатысты. Оқушылардың суреттерінде бақытты отбасы, бейбіт өмір, табиғатымыздың кеңдігі бейнеленген.

        Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орынды 5-сынып, қатысқан оқушылар Сағынтаева Арай және Жасталап Шұғыла, ІІ орын 2-сынып, қатысқан оқушылар Қайыркен Ерсұлтан және Тортай Ақерке, І орын 3-сынып оқушысы Дүйсенбек Ахмет иеленді.  

            Сонымен қатар, 5-11 сыныптарға «Аялы алақан!» тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында оқушылар алақан арқылы не сезінетіндерін жазды. Оқушылардың 100% алақан арқылы мейірімділік, қамқорлық, жылулық, ата-ананың шексіз махаббаттарын, жан жылуын қабылдайтындықтарын көрсетті.

        Ата-ананың алақаны балаға айдынды қоныс болар деген осы ғой. Еліміз тыныш, мәртебеміз биік болғай!

7mhpzzp-50i

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық акция

15.11.2016

 

       А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектепте  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» Республикалық акцияның ашылу жиыны болды.

      «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» ұранымен басталып, балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екендігі таныстырылды.

        Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдерді тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.

          Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді. Өміріміздің гүлдендіріп, бақытты өмір сүрейік.

20161116_112905

«Мен АИТВ – ның алдын алуын қолдаймын» ұранымен АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша алдын алу айлығының ашылуы

10.11.2016

           2016 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында «Мен АИТВ – ның алдын алуын қолдаймын» ұранымен 10 қараша күні АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша алдын алу жұмыстарының бірлескен жоспары негізінде айлықтың ашылу жиыны өтті. Жиын барысында СӨС жетекшісі А.К.Досымханова ҚР Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күнін өткізуді ұйымдастыру мақсатында АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарымен таныстырып шықты. Жоспар негізінде АҚТҚ/ЖҚТБ алын алудағы білім деңгейін анықтау тесті, «ЖҚТБ және нашақорлық» көрмесі, сынып сағаттары, суреттер сайысы, пресконференция, «Мен өмірді таңдаймын» әлеуметтік жарнама сайысы, флешмоб, шағын қойылымдар және компьютерлік газеттер сайысы, т.б ұйымдастырылмақ. Жиын кезінде 5 – 11 сыныптар өз эмблемасы мен «Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Біз жастар ЖҚТБ-ға қарсымыз», «Біз өмірді таңдаймыз» және «Біз сау өмірді қалаймыз» деген ұрандардын айтып қорғады. 

20161110_113455 20161110_111357

10.11.2016

Қысқы кезеңде Павлодар облысының білім беру мекемелеріндегі сабақтың ұсынылған температуралық параметрлері

«Жасөспірім» жедел-алдын алу акциясы Бала құқығы – адам құқығы

09.11.2016

            2016 жылғы қараша айының 1-і мен 11 аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс- шараларын жоспары негізінде 9 қараша күні 9 –  11 сынып аралығында оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында «Бала құқығы – адам құқығы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында тарих пәннің мұғалімдері Е.А.Сүлейменов пен Д.С.Байдильдин  балалар құқығы туралы халықаралық конвециясына тоқталып өтті. Заңды білу – заман талабы демекші, әрбір оқушы өз құқықтарын жете білуге шақырды. 

3 2

33-ші парақ. Барлығы 46« Бірінші...1020...3132333435...40...Соңғы»