“А. Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінде « Армысың , Әз -Наурыз!”атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты : Наурыз мейрамы жайлы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Мерекеде аруларымыз мың бұралып қазақша би биледі , балалар жеті дәмнен құралатын нәрлі Наурыз көженің дәмін көрді, салт – дәстүрлерді дәріптеу мақсатында « қырқынан шығару», “шолпы тағу” рәсімдері көрсетілді, балалар « Айтыс» өнерін сахналады. Одан басқа оқушылар ән, тақпақтарын айтты. Қыдыр атаның батасын алып , шашу шашылды. Аластау рәсімі өткізілді. Оқушылар “Ең үздік ұлттық киім”, “Ұлттық нақышта безендіру”, “Ұлттық дастархан” номинациялары бойынша қазылар алқасы шешімімен дипломдармен марапатталды.
Құрметті әріптестер!“А. Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебі”
баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат -көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң , ақ мол болсын!
#nauryzpvl_2023
