Қауіпсіздік сынып сағаты
Білім алушыларға балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне, төтенше жағдай және алдын алу алгоритмдері бойынша сынып сағаттар өткізілді және презентациялық таныстырылым жұмыстары жүргізілді.
Білім алушыларға балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне, төтенше жағдай және алдын алу алгоритмдері бойынша сынып сағаттар өткізілді және презентациялық таныстырылым жұмыстары жүргізілді.
“Қазақстанда контрафактіге орын жоқ” бейнеролигі
А.Иманов ат. ЖОББЛМ оқушылары
Мухамедиярова Дильназ, 2006 ж., Садвакасов Бахрам, 2006 ж., Павлодар облысы, Май ауданы
#Конкурс_НЕТ_контрафакту_2023
@adiletgovkz
#Конкурс_НЕТ_контрафакту_2022
“Жасыл мекен” республикалық челлендж
2023 жылдың 13 мамыр күні сағат 12:00-де мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетті қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу мақсатында “Жасыл мекен” республикалық челленджіне қатысып, мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырып, ағаштар отырғызу акциясына белсенділік танытты. Акцияға белсенділік танытқан белсенділерге алғыс айтамыз.
#табиғатқақамқорлық
#заботаоприроде
#жасылмекен
#еңбекқорлық
“Сабақты зерттеу: Май ауданы мектептерінің тәжірибесі” тақырыбындағы ІІ аймақтық ғылыми-практикалық конференциянда мектеп басшысы Г.Ахметова “Lesson study-зерттеуге қатысушылардың ынтымақтастығын кеңейту ресурсы” тақырыбында және мектепалды тәрбиешісі Б. Аубакирова “Мектепалды сынып оқушыларының математикалық таным қабілетін ойын арқылы дамыту”, мектеп психологы Э. Бакасова “Айналы көрініспен” жазуды алдын алу және оның балалардағы себептері” тақырыбында баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері А. Сагындыкова мен Г.Балкенова, Б.Аубакирова LS зерттеу сабақтары бойынша постер көрмесіне қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Барлық конференция қатысушыларына облыстық сертификаттар табысталды және постерлік таныстырылым байқауының қорытындысы бойынша мектепалды тәрбиешісі Б.Аубакирова 2-орын иеленіп, дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.Ахметова 27-28 сәуір күні Астана қаласында өткен І Ұлттық конференцияда мектепалды даярлық сыныбында сабақты бақылау нәтижесімен бөлісіп сертификатпен марапатталды.
9-сынып оқушысы Совет Әмина облыстық «Ұлы Жеңіс»
ІІІ қашықтық байқауының «Ұлы Отан соғысына қатысушының өмір жолы» тақырыбында өзінің соғысқа қатысқан атасы туралы бейнеролик түсіріп, 3-орын иеленді.
“7 мамыр – Отан қорғаушылар күні” және “9 мамыр – Жеңіс күні” мерекелеріне арналған мектеп оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді.
Бүгін 6 мамыр күні 1983 жылғы мектеп түлектері ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Құрметті 1983 жылғы мектеп түлектері!
«Мектепке тағзым» акциясы аясында
Сіздердің тараптарыңыздан
мектепті көркейтуге қосқан үлестеріңіз және игі істеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт және береке, егеменді еліміздің гүлденуі мен өркендеуі жолындағы игі еңбектеріңізге сәттілік және арман-мақсаттарыңыздың орындалуын тілейміз.
Мектебіміз береке мен бірліктің аясында гүлденіп-өркендей берсін!
«Жол ережесінің жас сақшылары» аудандық слеті өтті. Слетке мектебіміздің жас сақшылары 12-15 жас аралығындағы 10 оқушы қатысып, жеті бағыт бойынша сынға түсіп, командалық ІІІ орын иеленді. «Жас реттеуші» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Тоқтаров Ансат ІІІ дәрежелі дипломмен мадақталды. «Саптық түзеу» бағыты бойынша жас сақшылар отряды ІІІ орын иеленді. Барлық қатысушыларға және слетке дайындаған жетекшілерге (Ешимов А.А., Жагипарова Я.Н., Балкенова Г.Ж.) алғыс білдіреміз. Слет мақсаты: жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол – көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және балалардың жол – көлік жарақаттануының алдын алу. Сондай-ақ, жол қозғалысы Ережелері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру; – балаларға жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін насихаттау бойынша жид отрядтарының озық тәжірибесін жинақтау.
“Қазақстан балалары шексіз әлемде” балалар киносының республикалық фистивалінің облыстық кезеңіне мектебіміздің 11-сынып оқушысы Садвакасов Бахрам қатысып, “Музыкалық клип” номинациясында 3 орын иеленді. Музыкалық клип түсіруде ат салысқан 2 – сынып оқушылары Қадыр Айзара, Айтым Альтайр мен Надырбаев Алинурға және Мәдениет үйінің әдіскері, белсенді ата-ана Н. Ешимоваға алғыс айтамыз.
“ЭКО ВООМ” облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған “Жақсылық жаса” пластикалық қалпақша жинау акциясына мектебіміз қатысып, қақпақшаларды жинап, оқушылар сарайы арқылы қабылдау пунктіне тапсырды. Түскен қаражат ауыр науқас балалар мен көмекке мұқтаж басқа адамдарға бағытталады. Қалпақша жинап тапсыру акциясына ат салысқан белсенді сыныптар мен ата-аналарға, жетекшілерге алғыс айтамыз.
#ЭКОboomПавлодар2022