“Заттың бірнеше тең бөліктері”тақырыбында екінші зерттеу сабағы

24.01.2023

Мектепалды сынып оқушыларының математикалық таным қабілетін арттыру мақсатында математика пәнінен “Заттың бірнеше тең бөліктері”тақырыбында екінші зерттеу сабағы өтті. Пән мұғалімі: Б.Аубакирова

“Сырғалым” қыздар клубының “Қызым саған айтам…” дөңгелек үстелі

20.01.2023

“Сырғалым” қыздар клубының “Қызым саған айтам…” кезекті дөңгелек үстелі өтті. Ұлттық және мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру мақсатында үлкендердің кеңесімен ой бөлісуге, сырласуға ауылымыздың белсенді, үбірлі-шүбірлі болып отырған асыл әжелеріміз Рақия апай мен Гүләйім апайымызбен кездесу өткізілді. Рақия апайымыз қыздарға түрлі пішінде құрт жаюдың түрлерін үйретсе, Гүләйім апамыз құрақ құраудың үлгілерін таныстырып, тігу жолын көрсетті. Сондай-ақ, қыз қылығына тән мінез-құлық ерекшеліктері туралы мәлімет айтып өтті. Кездесуге келген әжелерімізге, алғысымызды білдіреміз.

«Бір ел- бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдікұлының шығармаларын насихаттау

20.01.2023

«Бір ел- бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдікұлының өмірбаянымен, шығармаларын насихаттау барысында
5 сынып оқушыларымен ауызша журнал өткізілді.

“Оқуға құштар мектеп” жобасы

20.01.2023

“Оқуға құштар мектеп” жобасы
Мектепалды сынып

“Құстарға арналған кафе” акциясы

19.01.2023

“Құстарға арналған кафе” акциясы аясында 2-сынып оқушысы Өмірзақ Шапағат атасымен жем салғыш астау дайындап, достарымен ағашқа орнатты. Акцияға белсенділік танытқан оқушымызға және атасына алғыс білдіреміз.
#ЭКОboomПавлодар2022

“Спортшымен кездесу” дөңгелек үстел

19.01.2023

“Спортшымен кездесу” атты дөңгелек үстел өтті. “Өзін-өзі басқару ұйымының “Спорт және салауатты өмір салты фракция” мүшелері мен “Мирас” ұлдар клубының ұйымдастыруымен “Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” атты кездесу өткізілді. Өскелең ұрпаққа спортшылардың жетістігін үлгі ету, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында ауылымыздың тұрғыны Шмидт Серік ағамызбен сұхбат жүргізілді. Оқушылар қызыға тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кеңестер сұрады. “Мирас” ұлдар клубының жетекшісі Б.Ескендиров жергілікті үздік спортшылардың жетістіктерін атап өтті.

“Оқуға құштар мектеп” жобасы

19.01.2023

5 сынып

Мектепалды сыныбында Lesson Study сабақтары

19.01.2023

Мектепалды сынып оқушыларының математикалық таным қабілетің арттыру мақсатында зерттеу сабақтарың талдау бойынша бақылаушы топ жұмысы өтті.

“Құстарға арналған кафе” акциясы

18.01.2023

“Құстарға арналған кафе” акциясы аясында 6-сынып оқушысы Қосман Аяжан жем салғыш астау дайындап, сынып достарымен ағашқа орнатты. Мектеп ауласындағы құстарға арналған жем салғыштарға жем салып шықты. Акцияға белсенділік танытып жатқан 6-сынып оқушыларына, сынып жетекшісі А.Мухамедияроваға алғыс білдіреміз.
#ЭКОboomПавлодар2022

“Қызықты үзілістер” жобасы

18.01.2023